Елордада қыздар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді

Жаңалықтар
468

Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортынан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

• № 1 маршрут «Ашық класс санаты»
• № 2 маршрут «Жастар санаты»
• № 3 маршрут «Әуесқойлар санаты»
• № 4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты»
• № 5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты»
• № 6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты»

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде басталады.

Мекенжайы:  Қарқаралы тас жолы, 1. Мұнда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын №303, 309, 320, 323 қоғамдық көліктері барады.


Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...