Павлодардағы мектеп асханасында тамақтан құрт шықты

Аймақтар
128

Павлодарда мектеп асханасында берілетін тамақтан құрт шыққан. Асхананы жалға алып отырған 5 кәсіпкерге 1 млн теңге шамасында айыппұл салынды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Айыппұл арқалаған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған.

Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр.

"Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу", – деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин. 

Сонымен қатар тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілікке тартылады.

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...