Алматы зообағында екі қонжық дүниеге келді

Аймақтар
317

Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді. Зообақ қонжықтар есіміне байқау жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тянь-Шань ақ тырнақты аюлары Герданың бұл үшінші төлдеуі.  Зообақтағылардың айтуынша, кішкентай аюлардың анасы Герданың денсаулығы жақсы.

Жаңа туған қонжықтар әзірге анасының қасында. Қонжықтар жарты жылға дейін анасының сүтімен қоректенеді, - делінген зообақ мәліметінде.

Қазір Гердаға лайықты мөлшерде азық берілуде. Оның сүйікті қорегінің ішінде – жеміс-жидек, ет, балық, ботқа, нан, жарма, түрлі витаминдер бар. Қазіргі уақытта Герда қонжықтарымен бірге өзінің апан-үйшігінде. Ол кішкентай аюларды қызметкерлерге де көрсеткісі келмей, бауырына басуда, - делінген Алматы зообағының хабарламасында.

Герда бұған дейін екі рет, 2017 және 2021 жылдары қос қонжықтан төлдеген. Олар Ник, Нельсон, Кенай, Кода атын алған болатын.

Айта кетейік, әзірге қонжықтардың жынысы анықталмаған. Жынысы анықталған соң оларға ат қоюға байқау жарияланатын болады.



Жаңалықтар

Трансгендер, блогер Амилай көшеде ер балалармен төбелесіп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 7 тәулікке қ...

Ауа райы

Синоптиктер 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды madeniportal....