Полиция Алматы және Шымкент қалаларының аумағында қаңтар оқиғасына қатысушыларды ұстады, деп хабарла...
Қостанайда әйел өзін өртеп жіберген
772
Қостанайда әйел өзіне бензин құйып өртеген. Оқиға қоғамдық орында болған. Полицейлер бұл фактіні растады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Бұл факті полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Күйік шалған әйел Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді.
«Науқас күйікпен жатқызылды, оның жағдайы тұрақты», деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.