Абай облысының Семей қаласында 2 пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz....
Жетісу өңірінде депутат балаға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді
Көрнекі фото
Желіде Жетісу облысында аудандық мәслихат депутаты жеті жасар балаға зорлық көрсетті деп күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Осы жайтқа қатысты Ақсу аудандықполиция бөлімі түсінік берді.
Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасы мәслихаттардың бірінің депутаты балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті жасалғаны туралы хабарлады. "Сараптама 7 жасар балаға қатысты зорлық-зомбылық фактісін растады. Күдікті ұсталды. Тергеу басталды", - делінген хабарламада. Ақсу аудандық полиция бөлімінің Instagram-дағы ресми парақшасындағы жазбада да қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. "Ақсу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағанға балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Полицейлер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу аясындағы басқа ақпараттар жариялауға жатпайтынын атап өтті.