Патрульдік инспекторлар инсульт алған жүргізушіні құтқарды

Оқиға
438

Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

8 наурыз күні патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажан мен Берік Кеңесовке 19-ықшамауданның қиылысында төтенше жағдай болғаны туралы мәлімдеді.

"Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға  шығып кеткен көлікті көрдік. Машина оталып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен, бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік", – деді Ақжаркен Мұқажан.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі инсульт алған. Дәрігерлер қазіргі уақытта азаматтың денсаулығы бірқалыпты екенін айтты.

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...