Бұл жайында Ұлытау облысының әкімдігі ресми хабарлады.Аталған жазбада: «Құрметті Ұлытау облысы...
Ертең Елордада «Астананы құттықтайды - Атырау» атты көрме өтеді
Құрметті Елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
Сіздерді Астана қаласының 20 жылдығы, Атырау облысының 80 жылдығы және 1-шілде Ұлттық домбыра күніне орай, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтетін облыс көлеміндегі музейлер мен кітапханалардың қорынан ұйымдастырылатын «Астананы құттықтайды - Атырау» көрмесінің ашылу салтанатына шақырамыз!Аталған көрмеден қойнауы тарихқа толы Атырау өлкесінің тарихы, этнографиясы мен археологиясы, түп тамырымыздың тектілігін мойындатқан Алтын адамды көре аласыз. Атырау күй Отаны, небір дүлділдер мен дәулескер күйшілерді дүниеге әкелген өлке екені баршаңызға мәлім. Соған орай қос ішекке замана үнін қосқан Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, Ғ.Ібішев, Ә.Ізмұхамбетова, Н.Үлкенбайұлы, І.Жақановтың және т.б. өнер қайраткерлерінің домбыраларын, Атырау өңірінің қылқалам шеберлерінің тамаша туындылары мен кітаптар көрмесін тамашалай аласыздар.КеліңіздерІ КөріңіздерІ
Өтетін уақыты: 30 маусым 2018 жыл, ашылу салтанаты сағ 15.00
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы
Астана қаласы, Достық көшесі - 11