Сенатта халықаралық жүк тасымалын жеңілдетуге байланысты заң қаралды

Сенат
232

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан мен Түркияның халықаралық құрамды жүк тасымалындағы ынтымақтастық туралы заңды талқылады, деп хабарлайды madeniportal.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып халықаралық жүк тасымалын жеңілдетуге, сондай-ақ екі ел арасындағы транзит-көлік әлеуеті мен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға бағытталған.

Заңға сәйкес тарап мемлекетінің аумағына кіру немесе шығу кезінде жүктерді, сондай-ақ тасымалданатын тауарларды құрама тасымалдауды орындайтын көлік құралдары, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бақылаудан өтетін болады.

Келісімнің орындалуына қатысты барлық мәселелерді реттеу мақсатында мемлекеттік лауазымды адамдардан, сондай-ақ құрамдас тасымал секторының өкілдерінен тұратын Бірлескен комитет құрылады.

Сенаторлар отырыс қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар

Президент сайлауы 31 наурызда өтуі керек еді, бірақ елде әскери жағдай сақталады, деп хабарлайды mad...

ӘДЕБИЕТ

      «Екі тау қосылмайды, екі ел қосылады» деген екен қазағым. Өткен ғас...