Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі салынады. Жоба құны 524 миллиард долларды құр...
Тәжікстан Мәскеудегі терактіге қатысты шұғыл мәлімдеме жасады
Бұған дейін Крокус Сити Холда болған текрактіге қатысты Тәжікстанның екі азаматы ұсталды деген хабар тараған болатын. Осы ақпаратқа байланысты көп ұзамай Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
«Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерттік кешенінде орын алған терактіге байланысты біз осы әрекетке Тәжікстанның немесе Тәжікстан азаматтарының қатысы бар деген болжамды ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аударамыз.
Біз тәжік тарапының Ресей билігінен қазіргі уақытта тәжік азаматтарының қатысы бар деген жалған ақпараттың расталмағанын атап өтеміз. Осыған байланысты ресейлік мемлекеттік органдар таратқан ресми ақпаратқа сүйенуіңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ тексерілмеген және сенімсіз ақпаратты тарату қазіргі уақытта елден тыс жерде жүрген Тәжікстан азаматтарына зиян тигізетіні айтылған.