Алдағы 6 күнде ауа райы қандай болады?

Жаңалықтар
745

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 2024 жылғы 24-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр.

26 наурызда Қазақстанның батысында (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жылынады деп күтіледі.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 55%-ды құрайды.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...