Bek Air әуекомпаниясына қатысты тергеу аяқталды

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
573

Bek Air әуе компаниясы 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы әуежайы маңында жолаушы ұшағы апатқа ұшыраған еді. «Fokker-100» ұшағының апатқа ұшырауы фактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды, деп хабарлайды  madeniportal.kz.

4 мыңнан астам тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілген.

"Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және тағы басқа шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

 

 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...