Сенатор Марат Қожаев Талғарда 16 жастағы баланы өлтірді деп күдікке ілінгендерді ашық түрде соттау к...
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны өсуде
Түркияның Кахраманмараш провинциясында зілзаладан көз жұмған адамдар саны 3381 адамға жетті, 20426 адам жарақат алды. Оқиға орнында 24 мыңнан аса құтқарушы күні-түні жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Түркияның вице-президенті Фуат Октай үйінділер астынан 7840 адам құтқарылғанын хабарлаған еді. Жатақханаларда, университеттерде және баспаналарда 338 000 адам орналастырылған.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда апат құрбандары үшін 7 күндік Жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады.
Тағы да сілкіністер қаупі болғандықтан, Түркия билігі халыққа үйлеріне қайта бармауға кеңес береді.
Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.
Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар. .
Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.
Соңғы мәлімет бойынша, Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. .
ҚазАқпарат