Ресейде 37 өңір су тасқынынан зардап шекті

Фотосурет: ForumDaily

Әлем
357

Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып, 942 сантиметрге жетті. Салдарынан Орынбордың бірнеше ауданын су басты. 10 мыңнан астам үй су астына кетіп, мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz медиа порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жалпы Ресейдің 37 өңірі көктемгі су тасқынымен күресуде. Орынбор облысынан бөлек, Самара, Түмен, Қорған облыстары және Алтай өңірінде жағдай күрделі. Үш облыста төтенше жағдай режимі жалғасуда. Қазір төрт мыңнан астам су тасқынымен күресуде.

Александр Куренков, РФ Төтенше жағдайлар министрі:

Жағдай өте күрделі. Апаттың салдарымен күрес жалғасуда, арнайы комиссия құрылып, жедел желі іске қосылды. Төтенше жағдай кезінде азық-түлік, су қымбаттамайды.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...