Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Са...
Су тасқынына байланысты қазіргі жағдай
Фото интернеттен
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, - деп хабарлайды madeniportal.kz.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 99 869 адам құтқарылды, оның 36 591-і балалар. Уақытша орналастыру орталықтарында 6586 адам болса, оның 3197-сі балалар.
9 миллион текше метр еріген су сорылып, 1,6 миллион дана қап контейнерлері мен 1,2 миллион тонна инертті материал төселді. Құтқару жұмыстарына 34 272 адам мен 4 мың техника, 17 тікұшақ жұмылдырылды.
Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3563 жеке тұрғын үй, 563 аулалық аумақ және 1778 саяжай су астында қалды. 3052 тұрғын үй мен 2 мыңға жуық аула аумақтарынан су басқа арнаға бұрылды.
«Елдің 8 облысында: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Ұлытау облысында 34 жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен шықпаңыздар», - деді ОКҚ брифингінде Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш.