Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың akorda.kz сайтында жарияланған құттықтауында бұл к...
Мемлекет басшысы: Табиғи апаттардың алдын алудың бірден-бір жолы - ғылымды дамыту
Фото интернеттен
1980-1985 жылдары әлемде 1700-ге жуық табиғи апат болған. Ал 2010-2015 жылдары апаттардың саны 3700-ден асқан. Яғни аз уақыттың ішінде табиғи апат саны екі есе көбейді. Бұл туралы Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Оның мәліметінше, қазір Үкімет барлық қажетті шараларды жедел түрде қабылдап жатыр. Тиісті тапсырмаларды бердім, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Табиғаттың тосын мінезінен басқа да елдер зардап шегуде. Әлемнің әр түкпірінде жер сілкінісі, өрт, су тасқыны болып жатыр. Бір сөзбен, жаһандық климат өзгеріп, табиғи апаттар жиілеп кетті.
Оның пікірінше, елімізде болып жатқан су тасқыны кезінде білікті мамандар мен ғалымдардың тапшылығы айқын сезіліп отыр.