Құрметті отандастар!Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде...
Тоқаев баспасөз қызметкерлерін Ұлттық баcылым күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың akorda.kz сайтында жарияланған құттықтауында бұл күннің маңыздылығы атап өтілген.
Фото akorda.kz сайтынан алынды
«Сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті», - делінген хабарламада.
Президенттің пікірінше, сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді.
«Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді.
Біздің басылымдарымыз халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қоса береді деп сенемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.