"Дала қырандары". Орал қаласын құтқару. 1-күн (видео)

Фото: "Дала қырандары"

Жаңалықтар
558

16 сәуір күні “Дала қырандары" жастар бірлестігі Батыс Қазақстан облысының аумағындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға қатысты. Бұл жұмыстарды жүргізуге бірлестікке ҚР Туризм және спорт министрлігі бастаған еліміздің белгілі спортшылары және БҚО-ның түрлі спорт өкілдері қосылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Спортшылардың осы акцияға қатысуы ынтымақтастық, командалық рух және басқаларға көмектесу сияқты спорттық құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді. 

Қазіргі уақытта Орал қаласына Серік Сапиев, Бейбіт Ыстыбаев, Данияр Елеусинов, Сергей Цырульников, Ербол Хамитов, Асхат Ділмұхамедов, Алматы Кебіспаев, Василий Тахтай, Фируза Шәріпова және т.б. танымал спортшылардан құралған алғашқы эшелон Зачаганск елді мекеніндегі бөгетті нығайту жұмыстарына ат салысуда. Жергілікті тұрғындарға көмекке 400 адам жиналды. Олар ММА, грек-рим және еркін күрес, грэпплинг, футбол, футзал және т.б спорт түрлерінің өкілдері. 

 

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...