Жігіт бойжеткенді зорлап, балконнан лақтырып жіберген

Фото көрнекілік үшін

Жаңалықтар
2399

Ақтөбеде жігіт бойжеткенді зорлап, балконнан лақтырып жіберген. Сот адам өлтіру және зорлау бойынша ер адамға үкім шығарды, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Диапазон" басылымының ақпаратына сәйкес, елді дүрліктірген қылмыс 2023 жылы 8 маусымда Тургенев көшесіндегі 12 қабатты үйде болған. 19 жастағы Әйгерім пәтерде танысымен бірге болған. Сот үкімінен оның қызды зорлап, кейін жетінші қабаттан құлатуды ұйғарғаны белгілі болды.

Әйгерім балконның ағаш жақтауынан ұстап қалған, ал ер адам бұл кезде қыздың қолынан ұрған. Осы соққылардан кейін Әйгерім құлап, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Сот зорлау және адам өлтіру бойынша айыпталушыны 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін марқұмның ГМЗ ауданында тұратыны, №15 мектепті бітіргені, жоғары оқу орнында оқығаны хабарланған болатын. Бастапқыда полицейлер зорлау және өзін өлтіруге дейін жеткізу баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тергеу барысында тағы да жантүршігерлік жайттар белгілі болды. Әйгерімнің өлу ниеті болмағаны, керісінше өмірі үшін күрескені анықталды. Әйгерім туралы БАҚ-қа мәлімдеген ең жақын құрбысы да өз-өзіне қол жұмсау нұсқасына сенбеген, ол дұрыс болып шықты.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...