Бүгін премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен жылу беру маусымының басталуы, мемлекеттік ор...
Су тасқыны: елдегі 54703 адам өз үйлеріне оралды
Сурет: ТЖМ
886
ҚР ТЖМ еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Республика бойынша 54703 адам өз үйлеріне оралды. 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде.
11134 тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Бір тәулік ішінде Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 165 тұрғын үйден 333 070 м3 еріген су сорылып, айдалды, 111 үйге дезинфекция жүргізілді.
Су басқан аумақтарды күн сайын аэровизуалды тексеру және құрғатылған аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.