Кешегі баһадүр бабаларымыз: «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген дана сөзді б...
Шетелдік компания өкілінен 180 млн. АҚШ долларын талап еткен алаяқ сотталды
Фото интернеттен
702
Шетелдік компания өкілінен 180 млн. АҚШ долларынан астам қаражат талап еткен алаяқ 10 жылға сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Кінәлі адам өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсете отырып, шетелдік компания директорынан 180 млн. АҚШ долларынан астам қаражат талап еткен. Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін дәлелдеді.
Ол алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.