Адами қарым-қатынас - қоғамның айнасы

Жаңалықтар
771


Бас бостандығынан айырылғандарды ұстайтын орындарға қатысты туындаған сыни пікірлер қоғамда аз емес. Ең сорақысы, қамаудағы адамдарға күш қолдану жайы жиі айтылады. Осындай ақпаратты Ұлттық алдын алу тетігінің аймақтық тобы да (ҰАТ) растайды. 



Осы орайда сотталғандарға көрсетілетін қатыгездікке байланысты түскен шағымдарды тексеру үшін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің тапсырмасына сәйкес, Ұлттық алдын алу тетігінің аймақтық тобы Алматы облысындағы бірнеше пенитенциарлық мекемелерге мониторинг жүргізді. Осы тексеріс барысында біраз келеңсіз жағдаяттардың беті ашылған. Құрамына білікті мамандар мен медицина сарапшылары кірген Ұлттық алдын алу тетігінің аймақтық тобы қатыгездік көрсету фактілерін анықтады. Сотталғандардың бірі ауыр жарақаттан дүние салыпты.

Ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесі бас бостандығынан айыру орындарындағы өкілеттіктерін асыра пайдалану жағдайларын бұдан да бұрын тексерген-ді. Сондықтан бұл Үйлестіру кеңесінің назарына іліккен жанды түйткіл деуге болады. Осыған байланысты уəкілетті мемлекеттік органдарға тиісті шағымдар мен ұсынымдар да түсірілген.

Десек те, осы аталған проблемалар əлі алаңдатады. Себебі бұл мəселелер осы күнге дейін шешімін табар түрі жоқ.

Бұндай кереғар көріністер өз ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің құқық қорғау органдарын реформалау бойынша тапсырмасын жүзеге асыруға кері әсерін тигізетіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан осы аталған мəселелерге қатысы бар мемлекеттік құрылымдардың назар аударғаны жөн. Мемлекет басшысының әрқашан да халық сенімін арттыру қажеттігіне, ел сенімі бəрінен де қымбат екеніне үнемі назар аударып отыратыны белгілі. Осы орайда құқық қорғау органдары қызметі де жұрт көңілінен шығып жатса, сенімге ие болудың қаншалықты құрмет екенін аңғарар ма еді?!


З.Самалбекұлы



Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...

Жаңалықтар

Бүгін, 6 желтоқсан күні доллар бірден 9,31 теңгеге арзандады, деп хабарлайды madeniportal.kz. ...