Ертең, 10 тамызда елімізде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып өтеледі. Мерейтой...
Экс-министр Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?
Фото интернеттен
Бұған дейін әлеуметтік желіде Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сайттың хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс шынымен қозғалды ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.
"Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына қатысты қылмыстық іс жоқ", - деді сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов.
Айта кетейік, сәуір айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатқан болатын. Одан кейін экс-министр қоштасу жазбасын жазып, онда ол жеке өзі отставкаға кеткенін айтты.