Бір топ шоу-бизнес өкілдері «Қазақстанның құрметті азаматы» атағын иеленді

stan.kz

Жаңалықтар
1228

Күні кеше отандық өнер жұлдыздары ерекше марапатқа ие болды. “Қазақстанның құрметті азаматы” атағын бірнеше өнер өкілдері иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып Мәдениет порталы хабарлайды. 

Өнер жұлдыздары су жаңа атақтарын жеке парақшаларында жариялап, құттықтау қабылдауды бастап кеткен. 

“Бүгін негізі мен қандай марапат алатынымды білмей келдім. Қоғамдық медаль “Қазақстан Республикасының құрметті азаматы” төсбелгісі бұйырыпты. Рақмет, елім! Өнеріммен халыққа қызмет етуден жалықпаймын. Әлі де үлкен жұмыстар күтіп тұр. Менің өмірлік басты ұстанымым – таза еңбек, таза жол. Бұл мемлекеттік награда емес, қоғамдық марапат!”, – деп қуанышын бөлісті Рухия Байдүкенова. 

Одан кейін әнші Нұржан Қалжан да кеудесіне таққан орденін қуана көрсетіп, су жаңа атағы шабыт сыйлайтынын жасырмады. 

“Бүгін Астанада осындай марапатқа ие болдым, ағайын. «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» төсбелгісіне ие болдым. Құттықтап шабыт беріп қойыңыздар. «Болар елдің баласы бірін бірі батырым дер» деп, қолдап қуанышымды қуанышқа жалғап жатсаңыздар содан асқан бақыт жоқ менде. Бұл жай төсбелгі, дегенмен де өзім шабыт алып, әлі алда талай жұмыс тұрғанын сезініп қайттым», – деп жазды Нұржан Халжан. 

Сонымен қатар атақ иеленгендер арасында әнші Фарида Жолдасова, актер Еркебұлан Тоқтар, актриса Жұлдызай Дүйсенбиева да бар. 

“ҚР құрметті азаматы атты марапат алдым. Жастарға үлкен шабыт! Сенімдеріңізге рахмет! Құтты болсын!”, – деп ағынан жарылды Фарида Жолдасова. 

“Ата-анамның жеңісі. Қолдағандарыңызға рақмет! Аллаға шүкір”, – деп жазды актриса Жұлдызай Дүйсенбиева. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, құттықтап жатыр. 

“Аспаннан атақ жауған күн болыпты”, “Қай еңбегі үшін беріліпті”, “Дұрыс екен, бәріңізге құтты болсын!”, “Фонограммамен ән айтқаны үшін берілген шығар”, “Лайықсыздар, жасай беріңіздер, қазақ өнерінің жарық жұлдыздары”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, жуырда Бүркіттің жары Аиша "Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталып, сынға қалған еді. 

Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астандағы АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға келіп...

Шоу-бизнес

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады, – деп хабарлайды madeniporta...