The Spirit of Astana 2018 халықаралық қазіргі заман этникалық музыкасы фестивалінде BaBa ZuLa (Түрки...
"Көлік езгенге ұқсамайды": Аягөзде қаза болған сарбаздың жақындары ресми дерекке күмәнмен қарайды
Бейнежазбадан
Абай ауданында 20 жастағы сарбаз Өсербай Ақан мерт болғандығы туралы кеше жазған болатынбыз. Бүгін оның өліміне қатысты жаңа деректер шығып жатыр, деп хабарлайды Мәдениет порталы.
Оның туыстарына Ақанды оқу-жаттығу кезінде көп тонналық әскери көлік басып кетті делінген. Жігіт көптеген жарақаттар алып, ішкі мүшелері жарылып кеткен.
Туыстары мәселені анықтауды талап етті. Сарбаздың өлімінің мән-жайы әлі анықталып жатыр.
Әскери ұшақ мәйітті Алматыға жеткізді. Қазір туыстары сараптамалардың қорытындысын күтіп отыр.
"Мәйітті өзім көрдім. Баламызды жауынгерлік көлік қағып кетті дейді. Адамды ондай көлік қағып кетсе, денесі езіліп кетпей ме? Бірақ сыртынан қарасаң, езілгенге ұқсамайды. Не істерімізді білмейміз, – деді Ақанның тәтесі Бану Қонақбаева.
Қорғаныс министрлігі Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде шынымен де оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздік шаралары бұзылғанын мойындады.
Оның отбасына қажетті көмек көрсетуге уәде берілді.
"Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілер мен лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс пен Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы аясында тиісті жазаларын алады. Қарулы Күштер әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – деп мәлімдеді қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.