Шығыс пен батыстың түйіскен тұғырында The Spirit of Astana 2018

МУЗЫКА
534

The Spirit of Astana 2018 халықаралық қазіргі заман этникалық музыкасы фестивалінде BaBa ZuLa (Түркия), Khoomei Beat (Тыва) и Natig Rhythm Group (Әзірбайжан) ұжымдары өнер көрсетеді.

«Бәйтерек» монументы алдында ұзын саны 19 команда 20 елден келіп, 6-8 шілде аралығында жұрт алдына шығады. 

Бұл шара Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдық мерейтойына орай Астана әкімдігі қолдауымен жүзеге аспақшы. 

Үш күнге созылатын шалқар шоу Қала күні 6 шілдеден басталады. Уақыты 17.00. Кіру тегін.

Түріктің  атақты BaBa ZuLa ұжымы.  

Khoomei Beat тобы – Тывалық музыканттардың заманауи жарқын өкілдері

 Тұңғыш рет танымал музыкант  Натиг Ширинов Natig Rhythm Group жобасымен өнер көрсетпекші.(Әзірбайжан).

Сондай-ақ Ирландия, Буркина-Фасо, Сенегал, Түркия, Мали, Венгрия, Перу, АҚШ и Индия, Marga Muzika (Литва), GeoTRAIN (Грузия), Kerekes Band (Венгрия), Indiogenes (Перу), музыкант Роберт Юлдашев "Курайсы" ұжымымен (Башкортостан) сахна көркін әрлейтін болса, The Doox (Украина) и Katya Yamschikova (Башкортостан) жобалары да көрермен көзайымына айналмақшы.

 Tengrinews.kz