Таланттар үшін күрес: шетелдік сарапшылар не дейді?

Фотосурет ұйымдастырушылармен ұсынылды

Қазақстан
605

Елордада «Қазіргі замандағы адам ресурстарын дамытуда тәжірибе алмасу» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Астана мемлекеттік қызмет хабы ұйымдастырған іс-шара Қасым-Жомарт Тоқаевтың адамға бағдарланған реформаларын қолдауға бағытталды.

HR конференцияда заманауи, яғни сұранысқа жауап беретін таланттарды басқарудың өзекті мәселелері талқыланды. Айта кету керек, ең алдымен, бұл өзара тәжірибе алмасу. Қатысушылар жыл сайынғы аталмыш іс-шараға ерекше қызығушылық танытады. Олардың ойынша, көптеген сұрақтарға әріптестермен танысып, әңгімелесу, талқылау барысында тікелей байланыс арқылы табуға болады.

«Бұл менің алғашқы HR іс-шарам, сондықтан мен үшін бүгін маңызды күн. Біріншіден, мен көптен бері конференцияларда болған жоқпын. Алдағы уақытта қызық, әрі танымдық ақпарат аламын деген сенімдемін. Екіншіден, менің ойымша, біздің ұжымымыздың негізгі бәсекелестік артықшылығы – қызметкерлер, ал конференция адами ресурстармен жұмыс істеуге аса мән береді», – деген ойымен Дамир есімді конференция қатысушысы бөлісті.

Шараға модераторлық еткен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл атап өткендей, конференцияны өткізудің мақсаты – мемлекеттік басқару саласында адами капиталды басқару мәдениетін дамыту және тәжірибе алмасу.

Конференциямыздың мақсаты – мемлекеттік қызметтің персоналын басқару саласында заманауи озық тәжірибемен алмасу, инновациялық шешімдерді пысықтау арқылы мемлекеттік басқару жүйесінде адам капиталын стратегиялық басқаруды, ұйымдық мәдениетті, адамға бағдарланған құндылықтарды дамытуға үлес қосу, – деді ректор.

Мемлекет саласындағы адами капиталды басқаруды білу керек. Сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына әсері аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өңірлік экономикадағы өте перспективалы бағыт екенін ескеру қажет. Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметі қойылған міндеттерді орындауға бағытталған. Міндеттер мен мақсаттарға жетуге бағытталған бағдарламалардың ойдағыдай жүзеге асуына тікелей талантты қызметкерлер әсер етеді десек, артық айтқанымыз емес. Қол жеткізілген аралық және қорытынды нәтижелер аймақтың және тұтастай мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды.

 

Адам ресурстарын басқарудағы әлемдік тәжірибені, яғни Адам ресурстарын басқару принциптерін талдай отырып, әлемде осы салада айтарлықтай тәжірибе жинақталғанын ескеру қажет. Сондықтан Астанадағы конференцияға Оңтүстік Корея, Сингапур, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Бельгия, Қырғызстан елдерінің үдік мамандары да келді.  Шетелдік сарапшылар мен отандық мамандар, БҰҰ өкілдері мемлекеттік қызметтің персоналын басқару саласында озық тәжірибемен алмасып, талант-менеджмент, адамға бағдарланған құндылықтар жөніндегі практикалық тұжырымдарды және мемлекеттік HR саласындағы соңғы трендтерді талқылады.

 

Бүгінгі күні өзге елдерде персоналды қалай басқаратынын білу білу өте. Өйткені барлық қызмет салаларының жаһандануы сөзсіз бәріне әсер етеді. Персоналды басқару тенденцияларын ескерсек,ешкімнен кем болмаймыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай айтөандай, әрбір мемлекетте таланттар үшін күрес, жасанды интеллект және HR кеңістігін трансформациялау дәуірінде адам капиталын дамытудың маңызы зор.

«Мемлекеттік қызметті трансформациялауда басты назар мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін нығайтуға және нақты сектордан жаңа басқарушыларды тартуға аударылады. Әртүрлі салада жүрген таланттарды тарту мақсатында мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастырудамыз», – деді Агенттік төрағасы.

HR саласында үлкен жетістікке жеткен Оңтүстік Кореяның KIPA Президенті Санхан Чой саяси шешім қабылдайтын тұлғалардың қоғамдық көшбасшылығы туралы баяндады. Оның айтуынша, Премьер-министр жанындағы Ұлттық зерттеу институты Корей елінің мемлекеттік басқару институты болып табылады.

«Менің ғылыми-зерттеу институтым инновацияны, ұйымдастырушылық дизайнды, үкіметтің тиімділігін бағалауды, реттеуді, апаттар қауіпсіздігін, жанжалдарды басқаруды және қоғамдық көшбасшылықты зерттейтін ұлттық саясатты зерттеу институты болып табылады. Қазіргі уақытта 50-ге жуық PhD докторы мен 100-ге жуық PhD үміткер бар. Менің Қазақстанға келу себебім – Орталық Азиядағы мемлекеттік қызметкерлердің мүмкіндіктерін шыңдау және Қазақстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен корей тәжірибесімен бөлісу және одан әрі дамыту. Болашақта менің мақсатым – Мемлекеттік басқару академиясымен және Орталық Азия шенеуніктерінің әлеуетін арттырудың түрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін зерттеу кезеңінде бірлесіп жұмыс істеу», – деді Санхан Чой.

Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжінің аға директоры, бас директордың корпоративтік көмекшісі Хо Уи Менг, Қытай Халық Республикасы, Фудань Университетінің професоры Пиң Жаң өздерінің мол тәжірибелерімен бөлісті. Адамдармен жұмыс істей білу үшін шет елдердің сарапшыларымен танысып, қажетті дүниелерді іріктеп алсақ, нұр үстіне нұр болады. «Ізденген сайын ой тазарады» деген сөз бекерден бекер айылмаса керек.

Қазақстандық сарапшылар да ойларымен бөлісіп, басқарудың құзыреттілік тәсілін контекстінде баяндады. HR-сарапшы, психология ғылымының кандидаты Ирина Безменова мемлекеттік менеджерлердің басқарушылық құзыреттілігі, оларды бағалау және дамыту мүмкіндіктері жайлы айтты.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының HR институтының басшысы Рустам Мусин HR Институтта персоналды іріктеу бойынша шешім қабылдауда жасанды интелектті қолдануды зерттеп жатқанымызды алға тартты.

Конференция барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Ұлттық аккредиттеу орталығының аккредиттеу туралы куәлігі салтанатты түрде табысталды. Сертификат Академияның сертификаттау қызметкерлерінің адам ресурстарын басқару саласындағы ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігін растайды.

 

Жаңалықтар

Атыраудағы "Сармат" мамандандырылған әскери мектебінде оқушылар мекеме қызметкерлерінің зорлық-зомбы...

Спорт

2025 жылы ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу т...