Төрт мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етіледі

Фотосурет елорда әкімдігінің ресми сайтынан алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1157

Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кезекті «Таза дүйсенбі» акциясын өткізді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған іс-шараны «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы аясында «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

170-тен аса жас Республикалық бас мешіт аумағында тазалық жұмыстарын атқарды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау.

«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру – мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.

«Бұл елде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету, көпшілік арасында экологиялық тәрбиені насихаттау, өскелең ұрпақтың өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылуда. Сондай-ақ бүгінгі іс-шара барысында «Өндіріс» тұрғын алабының айналасын тазарту жұмыстары жүргізілді. Экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Оны әркім өзінен бастағаны жөн», - деді «Республикалық студенттік құрылыс және еңбек жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының төрағасы Марат Мұхамеджанов.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысы Арқалық қаласында 35 жастағы блогерді сексуалды зорлық жасады деген күдікпен ұсталды...

Әлем

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын 4 сәуір күні Корей халық армиясының арнайы операциялар күштерінің...