Танымал әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті қалай қолдағанын айтты, д...
Гүлзира Айдарбекова: "Жұмыс беру – ол да бір сауап"
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қыз-келіншектерге арналған екінші киім дүкенін ашты, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Өнер иесі дүкенінің ашылу салтанатын әлі жасамағанын айтты.
“Жай ашып, қоя салдық, қыздар жұмыссыз қалмасын деп. Қаншама адам нәпақасын табуы үшін жұмыс беру – ол да бір сауап. Балам келген соң толық реттеп, ашылуын жасаймын”, – деді продюсер.
Сонымен қатар ұшақта төбелесіп, 15 тәулікке қамалған ұлы Қайрат Нұртасты күн санап күтіп жүргенін де жасырмады.
“Сіздерге түк емес екенін білемін. Біз ғой сағат санап жүрген. Иә, айтуға бәрі оңай. Бірақ амал қанша, Алланың жазғанын көрерміз, ең қиын сынақ осы болсын деп тілейік. 4 күн қалды, арамызға аман-есен оралсыншы", "Қайратқа сабыр тілеймін, 20 шілде күні аман-есен шығуын күтіп жүрміз”, – деп жазды әншінің анасы.