Өмірзақ Ақжігіт. Кие тек заттың өзінде ғана бола ма?..

АРХИТЕКТУРА
793

Домбыраның киесі жайлы пост жазып едік, Тыныштықбек «Көп шуылдақ не табар...» деген мақаласында "шуылдақ, даукес, байбаламшыл, кие дегеннің не екенін түсінбейтіндердің" қатарына қосыпты. "...домбыра өнер көрсеткен кезде киелі, ал, бейнесінің түрлі өнер туындысы ретінде Жер бетінде орналасуында ешқандай сөкеттік жоқ. Оны қылмысқа балау - күлкілі" депті. Құрдас, білімдар, ақын адам ғой, айтуына болатын шығар, түгел келісе алмасақ та қабылдадық. Себебі, «Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел» деген ғой хакім атамыз, кемел рөлін орындамақ оймен, өте құптарлық әрекет еткен екен Тәкең, бірақ, Алла-Тағала адамның суретін салуға тыйым салғанда оның бейнесі де киелі, ол тапталмасын десе керек деген пікірдеміз өзіміз.

Ал, Ақан Жаханұлы деген ініміз өзінен басқа пікірдегілердің бәрін сол Жер тартып кетсе деген тілегін ашық айтыпты: "Домбыраны қасиетті, оның жерге салған суреті де қасиетті дегендер, сендер нағыз ауып қалған жарымессіңдер! Сендер жоғалып құрып кетсеңдер қазаққа тек жақсылық орнайды. Қуғынбайлардан тазарып." деп, миы толық адамның үлгісін көрсетіпті. Жарайды. Мүмкін оған дәл солай деп Алладан уахи келген болар. Келген болса, сол тізімнің ішінде біз де бар болсақ, "бар жамандық менімен кетер болса" деп Мұқағали айтқандай, Жаратушыға Жебірейіл періштеден сәлем айт, бауырым, басқаны қайдам, мен өзім шынымен-ақ кетуге дайынмын...

Оған дейін тағы кім не дер екен, құлағымыз сіздерде. Ал, "сендер айтыса беріңдер, біздің бос сөзге уақытымыз жоқ, ақшамызды бөлісе берейік" деп, мысқылдап, миығынан күліп отырғандарды танымасақ та, бет-жүзі көз алдымызға келіп тұрғандай... Дұрыс, әзірге заман сендердікі, күліп қалыңдар, ертең сол ақшаларыңмен бірге кірерге тесік таппай қалуларың әбден мүмкін. Шахиншах Реза Пехлевиді 1979 жылы иран халқы елден қуғанда әлемнің ешбір елі қабылдамай қойып, ұшағы аэропортта ұшып шыға алмай үш күн тұрған болатын. Швейцария банктерінде ресми 34 млрд.$ ақшасы болған екен. Содан әулие емес шығарсыңдар...

author

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ФИЛОСОФ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...