Конфуций өсиеттерінен мысалдар

АУДАРМА
1503
КонфуцийКонфуцийЯнь Хой қызметтен неге бас тартты

Конфуций  Янь Хойды көріп: 
- Хой, мында  келші! Сенің отбасың ғой кедей,  жұрт  ішінде жағдайыңда мәз емес, сен  неге қызметке  кірмейсің? - дейді.
- Қызмет  еткім келмейді, қала дуалы артында  елу му жерім  бар,   одан орып жиған  астық тамағыма  жетеді.  Одан басқа шаһар шетінде  тағы он му жерім бар, ол жиде көйлегіме  жетеді. Мен  қобыз тартып,   көңіл  көтеремін,  сіздің ұстаздық іліміңізді  оқуда  маған  қуаныш  сыйлайды.   Жоқ, мен  қызметке  бармаймын – дейді Янь Хой. 
Конфуцийдің түрі  шырайланып:
- Тамаша, сен батыл екенсің, - деп айқайлап жібереді. - Менің білуімше, өзінің жолын білетін адам қиындыққа ұшырамайды, ырыздықтың қайдан келетінін  білетін адам уақытын босқа өткізбейді, кемеліне жеткен адам қоғамда өзінің орнын іздемейді.  Мен бұл сөздерді бұрыннан айтып келемін, оның растығын бүгін сенен көрдім. Янь Хой, сен, мені қатты қуанттың! – деп кете барыпты. 

Конфуций жауабы

 Конфуцийдің Гун, Лу және Чжан дейтін үш шәкірті болады. Бірде жаһан кезіп жүрген бір монах:
- Гун   шәкіртіңіз   туралы не айтасыз? –деп сұрайды.
Конфуций:
Ғалымдар  оның ақылына таңқалады! 
- Ал, Лу шәкіртіңіз туралы ойыңыз қандай?
- Ол –  ержүрек, көп жауынгерден артық!
- Ал, үшінші  шәкіртіңіз  Чжан ше?
- Чжанныңеңбекқорлығы сүйсінуге лайық!
Конфуцийдің жауабын естіген монах таңқалып:  Гун ақылды, Лу ержүрек, Чжан  еңбекқор болса – Сіздің оларға не қажетіңіз  бар ? –дейді.
Сондай Конфуций:  «Монах, мені  тыңда, -  Гун ақылды, бірақ, барып тұрған  жалқау, Лу  ержүрек - бірақ ақылсыз, Чжан еңбекқор болғанымен  тұла бойы тұрған қызғаныш.  Гун ақылдың жалқауды бақытты етпейтінін, Лу сақтанбайынша ерлік істелмейтінін, ал Чжан  адам қызығы  қызғанышпен  бірге жүрмейтінін түсінбейді. Менің білетіндерімді  шәкірттерім білмейді.  Олар мұны түсінгенше, мен  олардың  қасында  боламын,  ал олар менің шәкіртім  болып қалады» - депті.

Конфуцийдің  Лао –цзымен кездесуі

Бірде  Конфуций  Лао-цзымен кездесуге барады.  Конфуций Лао –цзыдан  жасы үлкен  болатын,  Конфуций  Лао –цзы оны  ізет  құрметпен қарсы алады деп ойлайды.
Конфуций  үнсіз отырған Лао –цзы бөлмесіне  кіргенде  Лао -Цзы орнынан  тұрмақ  түгел,  Конфуцийге   көңілде аудармайды. Отырыңыз деп айтпайды.
Конфуций Лао – цзының  бұндай қылығана ашуланып: 
- Сіз, әдеп ережелерін  мойындамайсыз ба? –дейді.
Лао – цзы: 
- Отырамын десеңіз – отырыңыз; тұрғыңыз келсе – тұрыңыз. Мен сізге не істеу керегіне ақыл айта алмаймын. Мен сіздің өміріңізге араласа алмаймын. Сіз еркін адамсыз, менде - еркін адаммын - дейді.
Конфуций  ойланып қалады.  Енді ол әңгімесін  адам бойындағы  «жоғары» тұрғандарға  бұрғысы келеді, сонда Лао –цзы күліп: 
- Мен «жоғары» немесе «төмен» тұрған ештеңені көрген емеспін. Адам - ол адам, ағаш сияқты. Бәрі де бірдей тіршілік етеді. Біреуі жоғары немесе біреуі төмен деген сандырақ!
Сонда Конфуций:
- Адамға  өлгеннен  кейін не болады? – деп сұрайды.
Лао – цзы оған жауап береді:
- Сіз өмір сүресіз,  ал өмірдің  не екенін білесіз бе?
Конфуций абыржып тұрып қалады,  сонда Лао –цзы: 
- Сіз өмір туралы ештеңе білмейсіз, өмірді танып білудің орнына сіз өлім туралы алаңдайсыз, қызық екен, – дейді. 

Ізгі  кісінің  жек  көретіндері

Ізгі кісі  біреуді болмасын біреуді  жек көре ме? – де сұрайды Цзы.
Конфуций Ұстаз былай дейді: 
Жек көреді. Ол біреу туралы өсек айтқандарды жақтырмайды, кіші адам батылдығын көрсетіп,  әдепті  бұзып үлкенмен жағаласқан адамды жек көреді, батыл, бірақ қыңыр адамды ұнатпауы мүмкін. 
Содан соң Ұстазы:
Ал сен Цзыгун  біреуді жек көресің бе? –деп сұрайды. 
Мен  біреудің ақылымен жүретіндерді, бағынбағанды батылдық санайтындарды, сөз таситындарды  жек көремін,  – депті. 


Өмірі қуанышқа толы  адам
Тэй тауы бөктерін кезіп жүрген Конфуций үстіне шекпен киген, белін  жіппен буып алған, аршагүл толы далада қобызын ойнап келе жатқан Юнг –чиді көреді.
- Ұстаз, сен үнемі қуанышты жүресің, осының сыры неде? – деп сұрайды Конфуций.
- Менің қуанышым көп. Мынау шексіз әлемдегі ең мәртебелісі адам. Мен адам болу үшін  жаратылыппын. Бұл менің бірінші қуанышым.  Көп адамдар  туған бойда жаялықтан  шықпай өледі, бір күн, бір айда  өмір сүрмейді, мен тоқсан жыл өмір сүрдім. Бұл да  қуыныш. Мен сияқты адамдар үшін жоқшылық бір қалыпты нәрсе - өмірдің аяғы өлім емес пе? Мен бір қалпымды сақтап, аяғын күтіп өмір сүремін, маған уайымның керегі не ? – деп жауап береді.
Конфуций Ұстаз:  «Міне,  ғажап, өзіне тоқтау  салатын адам осындай болуы керек»  - деп  қуаныпты. 

Адамшылық деген не?

Фань Чи  Ұстазынан  адамшылық деген не  сұрапты. Сонда Ұстазы:
Өзіңді әрқашанда инабатты ұста, ісіңді әрқашанда ықыласпен істе және адамға  адал қара.   Бұлардан жауың алдында да бас тартпа, - депті. 
Конфуцийдің  өзгеруі

Чжуан –цзы  Ізгі  Жаратушыға келіп: 
-Конфуций алпыс  жыл дінді  уағыздап келді,  енді, міне  алпысқа келген шағында мүлдем өзгерді. Ол өмірінің  басында ақиқат деп келгендерді өмірі соңында  жалған  дейді.  Ол осы күнге дейін ештеңе  түсінбегені ме,  ақиқатты  елу тоғыз жыл  мойындамағаны ма, теріске шығарып  келгені ме? – дейді. 
- Конфуций  ізгіге  құштар жан, ол білімге ғана  бас иеді – дейді Ізгіні  Жаратушы. 
- Конфуций ақиқаттан бас тартты, бірақ одан бас тартқанын әлі жариялаған емес,  – дейді Чжуан –цзы.   Конфуций өзінің сөзінде былай деген еді:  «Адам өзінің қасиеттерін жаратылу үшін   ізгі  негіздерден алады, содан кейін барып ақыл жинайды.  Адам ән айтқанда сазды үн шығарады,  ал сөйлегенде сөз  тәртібін бұзбауы керек. Егер   пайда көзін, не әділдік туралы қам жегенде махаббат пен өшпенділік, шындық пен өтірік туралы айтып,  адам  көзін  жеткізеді екенмін; ал  адамдардың  жүрегін   билеу үшін оларға қарсы тұруға әзір болуым керек, сонда Аспан астында ізгілік орнайды екен.... Әттеген! Әттеген- ай! Ол  мүмкін емес қой!»  - депті. 
Тоғыз сынақ

Конфуций бірде:
- Тау  аңғарына  өтуден гөрі,  кісі жүрегіне жету  қиынырақ. Адамды танып  білгенше, Аспанды танып білген   жеңілірек -  дейді. 
Аспан күн мен түнді, көктем мен күзді, жаз мен қысты жаратты. Ал  адамның  беті  қалың, оның сезімдері санасында терең тығылған. Былай қарағанда кең, мейірімді көрінеді, ал келе - келгенде сараң, түріне қарасаң қабылетті сияқты, іске келгенде түкке тұрғысыз, іскер сөйлегенмен, ісінің бәрі құр сандал, сырты жұмсақ болғанымен, ішінен дөрекі. Сондықтанда   кісі  үнемі  ізгіге   ұмтылады, біресе өлімнен қашып  шөлін қандыру үшін суға қашатыны, ал енді бірде  орман өртінен  қашып  суға  жүгіретіні сияқты.
Сондықтанда дана  әмірші адамның адалдығын сынап, алыс сапарға жібереді; оның сыйластығын сынап,  өзіне жақындатады; оның қабылетін сынап,  қиын тапсырмалар береді; оның зейінін сынап,  күтпеген  сұрақтар қояды; оның сенімін сынап, шұғыл шешімдерді   бұйырады; оның ұятын сынап,  байлығын сеніп тапсырады;  оның сабырлығын сынап,   қауіп- қатерлер   туралы хабарлайды;  оның жаман әдеттерін сынап, шарапқа  тойдырады;  оның нәпсіқұмарлығын   сынап,  әйелдің  қасына отырғызады.
Міне, осындай тоғыз сынақтан соң  адамды тануға болады.

Конфуцийдің Ян Хомен жолығуы
 
Ян Хо Конфуцийдің оған ресми келгенін күтеді, бірақ Конфуций бармайды.  Конфуций    келмегесін  Ян Хо сәлемдемеге торай беріп жібереді. Конфуций  Ян Хоға кіріп шығу үшін  жол тартады, бірақ кенет жолда кездестіреді. 
 Ян  Хо  Конфуцийге бұрылып:   Бермен келші, сөйлесейікші, – дейді.
- Өзің айтшы, адамгершілігі бар кісінің, оның елі жолынан адасып жатса, ал ол болса  білгенін қойнына тығып, тып- тыныш жатса адамшылығы бар  адам деп айтуға бола ма?   Әрине жоқ. Егер ол ақылды болса, еліне қызмет еткісі келсе де   бұл мүмкіндігін бірнеше рет жіберіп алса  ақылды деп айтуға бола ма? Әрине жоқ. Күндермен, айлармен бірге жылдарда біржола жоғалады, уақыт күтпейді ғой - дей бергенде, Конфуций:
 - Келісемін,  қызметке дайынмын – депті. 

Аударған  Салауат Кәрім 
author

Конфуций

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...