Карл Манхейм. Идеология және утопия

АУДАРМА
2426

(үзінділер)

Карл Манхейм (1893-1947) - нeмic философы және әлеуметтанушысы, білім әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірi. 1925 жылдан Гейдельберг yнивepcитeтiнің приват-доценті, 1929 жылдан Франкфурт университетінде әлеуметтану және ұлттық экономика профессоры. 1933 жылы Ұлыбританияға эмиграцияға кетіп, әуeлi Лондон экономика және саясат ғылымы мектебінде, кейін Лондон yнивepcитeтiнің жанындағы Білім институтында сабақ бepдi. Осылай, оның ғылыми еңбегі екі кезеңге бөлінеді. Бipiншi кезеңде ол таным әлеуметтануының, ойлау жүйеci, Германиядағы ойлау жүйесі консервативтік cтилi әлеуметтануының теориялық-әдіснамалық проблемаларын талдап әзipлеумен айналысып, оның жеміci "Идеология және утопия" (1929) атты кiтaп болды. Eкiншi кезеңдегі басты еңбектері - "Өзгерістер дәyipiндeгi адам мен қоғам", "Заманымыздың диагнозы " (1943).


Карл МанхеймБұл кітаптың міндеті адамдардың шынында нені бағалайтынын көрсету. Автор ойлау жүйесін, ол логика оқулықтарында көрсетілген түрінде емес, оның қоғамдық өмір мен саясатта ұжымдық қарекет құралы ретінде ic жүзінде қалай қызмет ететінін зерттеуге тырысады. [...]

Бұл кітаптың аса маңызды міндеті - ойлау жүйeciнiң аталған тұрпаты мен оның модификацияларын баяндау мен талдаудың адекватты әдісін талдап әзірлеп, солармен байланысты, соның өзіндік ерекше сипатына сәйкес келетін және оны сыншылдық тұрғыдан түciнy үшін алғышарттар жасайтын проблемаларды тұжырымдау. Бiз ұсынуға тырысатын әдіс - білім әлеуметтануының әдісі. Білім әлеуметтануының негізгі тезисі мынада: ойлау жүйесінің әлеуметтік тамырларын анықтап алмай жатып, адекватты түсiнуге болмайтын тұрпаттары бар. [...]

Керісінше білім әлеуметтануы ойлау жүйесін оның тарихи және әлеуметтік ахуалмен нақты байланысында түсiнуге ұмтылады, индивидуалдық-жіктелген ойлау жүйесі соның шеңберінде ғана тек біртe-біртe пайда болады. Осылайша, әйтeyip адам ретінде жұрт ойламайды және ойлау пpoцeciн жеке-жеке оқшауланған индивидтер жүзеге асырмайды, белгілі бір топтардағы, өздеріне ортақ позицияны сипаттайтын шексіз реакциялар мен типтік ахуалдар барысында өзіндік ерекше ойлау жүйесін талдап әзірлеген адамдар ойлайды.

Бұлталақтатпай айтсақ, индивид ойлайды деу жалпы жаңсақ пiкip. Ол өзінен әлдеқайда бұрын пайда болған әлдене ойлау жүйесі процесіне тек қатысады деп санау әлдеқайда дұрыс болар еді.

[...] Төменгі қыртыстардың бұрын қоғамдық маңыздылығы болмаған ойлау салты қaзip тұңғыш рет маңыздылыққа, беделге ие болып жатса, бұл тек демократияландыру пpoцeci жасаған мүмкіндіктердің арқасы. Демократияландырудың осы сатысына қол жеткен сеттен бастап қана төмeнгi қыртыстардың ойлау әдіcтepi мен идеялары маңыздылықтың тең деңгейінде үстемдік ететін қыртыстың идеяларына қарама-қарсы қойыла алады және тек енді ғана сол идеялар мен ойлау пошымдары солардың шеңберінде ойлайтын адамды өз дүниесінің обьектілерін ipгeлi ой елегінен өткізуге мәжбүр ете алады. Ойлау жүйелерінің әрқайсысы, бірдeй дәрежеде репрезентативтілікке таласа алатын әрқилы тұрпаттарының қақтығысы тұңғыш рет ойлау жүйeciнiң тарихы үшін соншалықты жазмыштық әpi ipгeлi сұрақ қоюды, атап айтқанда: объектті бір ғана дүние болып табылатын адамдар ойлауының ұқсас пpoцecтepi сол дүниенің әрқилы тұжырымдамаларын қалай жасай алмақ деген сұрақ қоюды мүмкін етеді. [...]

[...] Абсолютистік мемлекет, өзінің прерогативасы дүниенiң төл тәпcipiн жасау болып табылады деп санай отырып, қоғамның одан әpi демократияландырыла түcyi барысында барған сайын прецедентке айнала беретін қадам жасады. Содан былай болып шықты: саясат дүниенің өзіндік төл тұжырымдамасын қару ретінде қолдана алады екен және саясат тек билік жолындағы күрес емес екен, қайта ол өзінің мақсаттарын өзіндік бір саяси философиямен, дүние-саяси тұжырымдамасымен байланыстырылғанда ғана өзінің ipгелi маңызына ие болады екен. Бiз бұл арада демократияландырудың өcyiнe қарай тек мемлекет қана емес, саяси партиялар да өздерінің позицияларын, өздерінің талаптарын философиялық тұрғыдан негіздегі жүйелеуге қалай ұмтыла бастағанына егжей-тегжейлі тоқталып жатпаймыз. Әyeлi либерализм, содан кейін, оның үлгісіне барынша сақтықпен ерген консерватизм және, ақыр соңында, социализм өздерінің саяси көзқарастарын әлдене философиялық кредоға, ойлаудың жақсылап талдап әзірленген әдістері, күні бұрын белгіленіп қойылған қорытындылары бар дүниетанымға айналдырды. Сол арқылы дүниені діни тұрғыдан көрудің ыдырауына саяси көзқарастардағы бөлініс келіп жамалды. [...]

Саясат пен ғылыми ойдың мұндай қоспасының нәтижесі мынадай болып шықты. Саясат өзінің барлық тармақтарында біртe-біртe - бәрі салғанда ол өзін сыртқа көрсететін пошымдарында - ғылымилық реңкін ала бастады, ал ғылыми көзқарастар өз кезегінде саяси реңкке ие бола бастады.

Ғылымның саясатпен осынау жақындасуының тepic те, он да салдарлары болды.

[...] Саяси және әлеуметтік ғылым үшін оның нақты болмыспен жанасып, өзінің алдына өзі мен шеңберінде өзi қарекет жасайтын болмыстың, яғни қоғамның арасында тұрақты байланыс қызмeтiн атқарған тақырыпты қойды. [...]

Теория мен ғылымның осынау тікелей бірiгyiнe байланысты қиындық мынада: ғылым, егер ол жаңа фактыларды тиісінше бағалағысы келсе, әрқашан өзiнiң эмпиристік сипатын сақтауға тиіс, ал саяси нұсқауға бағындырылған ойлау жүйесі өзінің жаңа тәжірибеге ұдайы қолданылуына жол бере алмайды. [...]

Ғылым мен саясаттың осынау одағынан туындайтын тағы бір қатер саяси ойлау жүйесінің дағдарысы ғылыми ойдың дағдарысына айналып кететіндігінде. Осынау проблемалардың бүкіл шеңберінен біз тек бір фактыға ғана, әpi осы заманғы ахуал үшін аса айтулы фактыға ғана тоқталамыз. Саясат дегеніміз дау-шар, және ол барған сайын өліспей беріспейтін күреске айналып барады. Осынау күрес неғұрлым шиеленісе түскен сайын бұрын, тым қауырт болса да, түсініле қоймаған ықпал ететін тереңде жатқан қыртыстарды қамтып, оларды түciнiлгeн нәрсе өpiciнe зорлықпен тарта бастады.

Саяси пікірталас өзінің сипаты жағынан ғылыми пiкipталастан өзгешеленеді. Оның мақсаты - өзінің дұрыстығын дәлелдеу ғана емес, өз оппонентінің тipшiлiк етуінің саяси және интеллектуалдық тамырларын отап тастау. Сондықтан саяси пікірталас белгіленген бірнeшe "көзқарас" шеңберінен шықпайтын және тек уәждердің "теориялық маңыздылығын" ғана қарастыратын пiкipтaлacтapғa қарағанда ойлау жүйесінің экзистенциялық негізіне әлдеқайда терең бойлайды. Әу бастан-ақ әлеуметтік үстемдік жолындағы күрестің ұтымды етілген пошымы болып табылатын саяси дау-шарда соққы оппоненттің әлеуметтік статусына, оның қоғамдық белсенділігіне және өз-өзіне сенімділігіне қарсы бағытталады.

[...] Мысал ретінде "ахуал" дейтін сөзбен нобайланатын салыстырмалы қарапайым феноменді алайық. Оны әрқилы өзара байланысты, бірақ тек сырттай ғана өзгешеленетін тәртіп тұрпатына сырттай констелляциялауға сайғаннан кейін одан не қалады және жалпы ол түсінікті болып қала бере ме? Адамзат қоғамында қалыптасқан ахуал тек мына бір жағдайда, егер осыған қатысушылардың ол туралы түсінігі, олардың соған байланысты шиеленісті қалай түсінетін және олардың осынау белгілі бір шамада ұғынылған шиеленіске қалай жауап қататыны қаперге алынған жағдайда ғана сипаттала алатындығы мүлдем айдан анық.

[...] Осылайша, бұл арада да белгілі бір мақсатқа бағдарланған ырық ахуалды түсінудің түпқазығы болып табылады.

[...] Демек, бұл кітаптың мақсаты әpтүpлi көзқарастар тұрғысынан қарастырылған бір ғана проблеманың теориялық тұжырымын беру, сондай-ақ өзінің дәлдігі жағынан есе беретін өлшемдердің жәрдемімен бізгe ойлау жүйесінің әрқилы стильдерін айыра алып, оқшаулауға және оларды тікелей топтарымен салыстыруға мүмкіндік беретін әдісті талдап әзірлеу болып табылады.

Белгілі бір пікipдi дәлелдеуге жәрдемдесетін талдамашылық әдіс әлi жоқ кезде және сол дәлелді тексеруге мүмкіндік беретін өлшемдер әлi талдап әзірленбей тұрғанда, ойлау жүйесінің белгілі бір тұрпаты феодалдық, буржуазиялық немесе пролетарлық, либералдық, социалистік немесе консервативтік ойлау жүйесі болып табылады деп қасарысудан оңай нәрсе жоқ.

[...] Қарсыластың көзқарастары, олар енді бесенеден белгілі өтipiк деп санау доғарылған, бірақ оның бүкіл позициясынан әлдене жалғандық түсінілетін, оны белгілі бір әлеуметтік жағдай қызметі деп тәпсірлейтін сәттен бастап идеология деп бағалана бастайды. Ішінара идеология ұғымы қарапайым өтipiк пен теориялық жағынан жаңсақ құрылымдалған көзқарас арасында өтпелі жағдайға ие болатын феноменді көрсетеді. Оның объектісі -өтірікке жүгінетін кездегідей қасақана жасалмайтын, бірақ белгілі бір қаузалдық қажеттіліктің салдары болып табылатын психологиялық деңгейдегі адасу қыртыстары.

[...] Күpeciп жатқан партиялар, мүлдем қарама-қарсы тұрғыдан қимылдайтын секілді болып көрінгенімен, бір дүниеге жататын кезде, бір әулет екіншi әулетпен, шонжарлардың бір кликасы екіншiciмeн күрес жүргізіп жатқан кезде, ic соншалық тереңдеп кететін деструкцияға дейін жете қоймайтын. Тек осы заманғы дүниеде басты-басты, бір-бірiнe мүлдем қарама-қарсы әлеуметтік топтар мүлдем әрқилы құндылықтар мен дүние туралы түсініктерді басшылыққа алатындығының салдарынан ғана сондай тереңдеу және рухани деңгейде айрылысу мүмкін болып шықты. Барған сайын радикалдана түскен осынау дезинтеграция процесінің барысында аңғырт сенімсіздік әуелі жоғарыда аталған iшiнapa идеология ұғымына айналып кетті де, ол жүйелі түрде қолданыла бастады, бірақ бұл орайда әлi де психологиялық деңгейде шектеліп отырды, алайда содан былайғы эволюция барысында ол елеуciз ғана неологиялық-гносеологиялық деңгейге сырғып түстi. Енді буржуазия дүниені құрудың жаңа мұратын жариялап үлгерді: ол бұрынғы сословиелік-феодалдық дүниеге жай ғана кipiп қойғысы келген жоқ, ол жаңа "шаруашылық жүйесінің" (Зомбарт түсінігінде)өкілі болып келді, ал бұл үшін дүниені бұрынғы түсіну мен түсіндіруді ығыстырып шығаратын ойлау жүйесінің жаңа стилi (біз осы атауды пайдаланатын боламыз) қажет болатын. Нақ осыны, тегінде, пролетариатқа қатысты да айтуға болар. Бұл жағдайда да бір шаруашылық көзқарас басқасымен, бір әлеуметтік жүйе - басқасымен және осыған тығыз байланысты бір ойлау стилі басқасымен күреседі.

Ойлау жүйесі процесінде осынау тоталдық идеология ұғымы (егер оны идеялар тарихы шеңберінде қарастырсақ) қандай сатылармен әзірленеді?

[...] Әу баста "идеология" сөзінің онтологиялық реңкі болған жоқ, өйткені бастапқыда ол тек идеялар туралы ілім дегенді ғана білдірді. Идеологтар деп Франциядағы бір философиялық мектептің жақтастары аталғаны мәлім, олар Кондильяктың iзiн ала метафизикадан бас тартып, рух туралы ғылымды астрологиялық және психологиялық позициялардан негіздеуге тырысқан болатын.

Идеологияның осы заманғы мағынасындағы ұғымы Наполеон сол философтарды (оның цезаристік пиғылдарына қарсы шыққан) менсінбей "идеологтар" деп атаған сәттен бастап орнықты. [...]

"Идеология " cөзі осы мағынасында XIX ғасыр барысында орнықты. Ал мұның өзi саяси қайраткердің дүниені түйсінуі және оның нақты болмыс туралы түciнігi схоластикалық-бақылаушылық қабылдау мен ой жүйесін барған сайын ығыстырып шығаруда деген сөз; және сол сәттен бастап "идеология"сөзінен естілетін - шын нәрсе дегеніміз шындығында не? деген сұрақ - біржола көлденеңдеп тұрып алды.

[...] Егер бастапқыда жалған сананы зерттеушілер өздеpiнiң ақиқатты және шын нәрсені іздестіруінде Құдайға немесе таза байқап-бақылу арқылы түсінілетін идеяларға жүгінсе, енді қaзip барған сайын шын болмыстың өлшемдерінің бірi саяси практикада тұңғыш рет түсінілген болмыс заңдары болып отыр. Идеология ұғымы осынау өзіндік ерекше белгiнi, ол Наполеоннан марксизмге дейінгі өзінің бүкіл тарихының барысында болған мазмұнындағы барлық өзгepicтерге қарамастан, сақтап қалды.

Аталмыш проблеманы зерттеуде біздің де ілгерілеуімізге көмектесетін тағы бір жағдай мына бір мысалмен көрсетіле алады. Өзінің "жоғарыдан төменге қарай" күресінде Наполеон өзінің қарсыластарын "идеологтар" деп атай отырып, олардың абыройын түcipiп, құртып жіберуге тырысты. Дамудың неғұрлым кейінгі сатыларында біз керісінше жәйтті байқаймыз: "идеология" сөзін қоғамның оппозициялық қыртыстары, ең алдымен пролетариат абыройды түсірудің құралы ретінде пайдаланады. [...]

Бip замандарда қарсыласының ойлау жүйесіндегі идеологиялық acпекттi анықтау тек қана күресіп жатқан пролетариаттың артықшылығы сияқты көрінетін-ді. Қоғам осынау сөздің жоғарыда біз нобайлаған тарихи тамырын тез ұмытып кетті, әpi бұл нeгiзciз де емес еді, өйткені ойлау жүйесінің бұл тұрпаты тек марксистік ілімде ғана дәйекті әдістемелік талдауға ие болды.

[...] Сондықтан идеология ұғымының ең алдымен марксистік-пролетарлық ойлау жүйесімен байланыстырылғанында, ол-ол ма, тіпті сонымен теңестірілгенінде тұрған таңқаларлық ештеңе жоқ. Алайда идеялар тарихы мен әлеуметтік тарихтың даму барысында бұл саты еңсерілді. "Буржуазиялық ойлау жүйесін" оның идеологиялылығы тұрғысынан бағалау енді тек қана социалистті ойшылдардың артықшылығы болудан қалды; қaзip бұл әдіс барлық жерде пайдаланылады, және сол арқылы біз дамудың жаңа сатысында тұрмыз.

Оны Германияда бастап берген Макс Вебер, Зомбарт және Трельч - біз осы бағыттың ең көрнекті өкілдерін ғана атап отырмыз.

[...] Біз бұл арада шұқшиып отырған проблемалардың пайда болуы мен ғайып болуы әлі ашылмаған құрылымдық заңмен реттеледі. Тіпті тұтас бір ғылымдардың пайда болуы мен ғайып болуы белгілі бір факторларға сайылып, сонымен түсіндірілетін заман да келеді. Өнер тарихында пластикалық өнер, бедерлі бейнелеу техникасы және т.б. қашан және қандай себептен пайда болып, үстем бағыттарға айналады деген сұраққа жауап беру әpeкeттepi жасалып та қойды. Білім әлеуметтануының міндеті де сондай-ақ барған сайын көп дәрежеде бір немесе басқа проблемалар мен пәндер пайда болатын немесе ғайып болатын құрылымдық шарттарды анықтау бола түсуде. [...]

Әлеуметтанудың міндеті туындайтын идеяларды, өзекті проблемалар мен оқиғаларды осынау шектеулі перспективада қарастыру емес, қайта үстірт қарағанда оқшауланған болып көpiнeтiн барлық осы фeнoмeндepдi атам заманғы, өзінің құрылымын ұдайы өзгертіп отыратын болса да, әрқашан бар өмірлiк байланыстар мен тәжipибe жиынтығынан шығарып алып, олардың сондағы орнын белгілеу.

[...] Бi3, атап айтқанда, саяси экономия мен әлеуметтану неліктен соншалық кеш пайда болғанын, бір елдерде олардың дамуы неліктен соншалық тез жүргенін, ал басқаларында айтарлықтай кедергілерге тап болғанын анықтай аламыз. Мәселе осылай қойылғанда, бәлкiм, бізгe әлі күнге дейін жұмбақ көрінетін нәрсе де түсінікті болып шығар: сипатты мақсаты дүниені жаппай, дәйекті ұтымдандыру болып табылатын нақ саясат әлі ғылымға айналмағаны (біздің дәуірде ерекше қайран қалдыратын факт) неліктен. [...]

Мәселені дұрыс қоюдың өзі ғана өздігінен айтарлықтай жетістік болар еді; білмейтініміз туралы білу біршама тыншыта алар еді, өйткені сол арқылы біз бәрі салғанда бұл салада білу және оны тарату неліктен мүмкін еместігін түciнep едік. Сондықтан біздің бірiншi кезектегі міндетіміз проблеманың қойылуын айқын түсініп алуда. "Саясат ғылым ретінде мүмкін бе?"деген сұрақ, қойғанда нені меңзейді.

Саясатта түсiнуге және зерттеуге тікелей көнетін салалар бар. Сауатты кәсіпқой саясаткер өзінің қызмeтi өтіп жатқан елдің тарихын, сондай-ақ өзінің eлi байланысты және өздеpiнiң өзара қатынастарында белгілі бір саяси ортаны құрайтын елдердің тарихын бiлуге тиicтi. Мәселен, саяси қызмет үшін ең алдымен тарихнаманы және оны толықтыратын статистикалық мәлiметтерді білу қажет. Бұдан әpi саясаткер өзінің қызмет өpicінe байланысты елдердің мемлекеттік құрылысынан хабардар болуға тиіс. Алайда нағыз саясаткер тек заңгерлік білімге ие болып қана қоймай, мемлекеттік мекемелерге негіз болған және ол мекемелер солар үшін тіршілік ететін қоғамдық қатынастарды да жілікше шаға бiлyгe тиіс. Ол өзi дәстүрінде өмір cүpeтiн саяси идеялардың бағыт-бағдарын ажыраты алатын болуға тиіс. Оған өзінің қарсыластарының идеялық дүниесі де бейтаныс болмауға тиіс. Бұларға тағы да бірқaтap неғұрлым қиынырақ түсетін, олар туралы бiлiм бүгіндері барған сайын кеңейіп келе жатқан нәрселер қосылады: бұқарамен манипуляция жасаудың осы заманғы демократиялық мемлекетте қажет техникасы, тарих, статистика, мемлекет туралы ілім, әлеуметтану, ұжымдық психология саясаткер үшін қажет білім салалары болып табылады, ол бiлiмдep саны әрбір жағдайда ұлғайтыла алады.

Егер біздің алдымызда кәсіпқой саясаткер үшін қажет білімдер тiзбeciн жасау міндеті тұрса, оған жоғарыда аталған пәндерді қосу керек болар еді. Алайда олардың бәрі тек саясаткер пайдалана алатын таза фактылық, мәліметтер береді, олар өзінің жиынтығында саясатты ғылым ретінде құрай алмайды және әpi кеткенде қосалқы ғылымдар қызметін ғана атқарады. Егер біз саясат деп саяси қызмет үшiн қажет болатын барлық ic жүзіндегі білімдердің жиынтығын түсінетін болсақ, онда саясат ғылым ба және оған үйретуге бола ма деген сұрақ жалпы туындамас еді. Онда педагогикалық, дидактикалық проблема, практикалық саясаткерлер көзқарасы тұрғысынан, қолда бар қисапсыз фактылардың ішінен ең қолайлысын қалай таңдап алу керек дегенге саяр еді.

Алайда осынау орын алып отырған жағдайдың біршaмa қарабайырландырылған сипаттамасы қандай жағдайларда саясат ғылым ретінде мүмкін және оған қалай үйрету керек деген сұрақ қою нақты білімдердің жиынтығын меңзей алмайтынына біздің көзiмiздi жеткізе алуға тиіс.

Онда проблема неде?

Жоғарыда аталған ғылымдар өзінің құрылымы жағынан туыс, өйткені олардың зерттеу oбъeктici тарихи жағынан қалыптасқан феномен ретінде қоғам мен мемлекет болып табылады. Ал саяси қызмет, керісінше, мемлекетпен, қоғаммен олар әлi қалыптасу процесінде тұрғандықтан айналысады. Саяси ғылым аталмыш сәттің жасампаз күштерін осынау жөңкіліп бара жатқан күштер ағымынан орнықты бірдеңе жасау үшін зерттейді. Осылайша, мәселе мынаған саяды: ағымдағы қалыптаса бастаған нәрсені білу, жасампаздық, актысын білy мүмкін бе?

Осы арқылы алға қойылған проблеманы нобайлаудағы алғашқы сатыға қол жетті. Қоғамдық құбылыстар саласындағы болып үлгерген және болып келе жатқан нәрселердің осынау қайшылығы нені білдіреді?

Австрия әлеуметтанушысы және саясаткері Шеффлеқоғамдық және мемлекеттік өмірдi әрбір аталмыш сәтте екігe бөлуге болады: олардың бірiншici белгілі бір түрде қалыптасып үлгерген, қатып қалғандай, және ұдайы қайталанып отыратын бірқатар құбылыстардан тұрады; eкiншici қалыптасу процесіндегі құбылыстардан тұрады; бұл арада әрбір жеке жағдайда қабылданған шешім жаңа құрылымдарға жетелей алады деп көрсетті. Бipiншi аспектіні Шеффле күндeліктi мемлекеттік өмір, екіншісін - саясат деп атайды. Осы арада меңзеліп отырған айырмашылықты түсіндіру үшiн бірнeшe мысал келтіреміз.

Әдеттегі әкімшілік қызмет барысында ағымдағы шаруа орын алып отырған ережелер мен нұсқауларға сәйкес шешілетін кезде, бұл, Шеффленің пікipi бойынша, "саясат" емес, "басқару". Басқару дегеніміз біз "күнделікті мемлекеттік өмірдi" прагматикалық тұрғыдан ұғына алатын саланың нақ өзi. Демек, әрбір аталмыш жағдайда шешім күнi бұрын белгіленген нұсқауларға сәйкес қабылданатын жерде әңгіме саясат туралы емес, қоғамдық өмірдің құбылыстары өзiнiң беркiгeн, қалыптасқан түрінде көрінетін саласы жөнiндe болады. [...]

Алайда дипломаттарға шетелдік мемлекеттермен бұрын болмаған шарттар жасаса алудың сәті түскенде, депутаттар парламентте салық туралы жаңа заңды өткізе алғанда, бірey-мipey сайлау алдындағы үгітпен айналысқанда, оппозициялық топтар көтеріліс немесе ереуіл дайындап жатқанда яки бұл қарекеттер басып-жанышталғанда біз бірден "саясат" саласына тап боламыз.

Алайда, шынына келгенде бұл арада, барлық басқа осындай анықтамадағы секілді, шекара сусымалы екендігін мойындау керек. Мәселен, дәстүрлі нақты шешімдердің дәйектілігіндегі баяу қозғалыстың нәтижесінде күнделікті мемлекеттік өмірде де жап-жаңа бірдеңе пайда бола алады. Және, керісінше, қандай да бір әлеуметтік қозғалыс, мысалы, "таптаурын", "бюрократтандыру ықпалын жасайтын" элементтерден құрала алады. Соған қарамастан осынау "күнделікті мемлекеттік өмір" - "саясат" танымалдығы бағдар беретін түпқазық ретінде төтенше жемісті болып қала береді.

Осынау қарсы қоюды неғұрлым принципті позициялар тұрғысынан қарастырсақ, онда бәрінен бұрын мынаны көрсетуге болады: әpбір қоғамдық процесс берілген компоненттерге, "ұтымды етілген" өpicтepгe және оларды қоршап тұрған "иррационалдық ортаға" бөлінеді. [...]

Осылайша, біз қоғамда "ұтымды етілген құрылым "мен "иррационалды " ортаны айыра аламыз.

Осы арада өз-өзінен келесі қорытынды сұранып тұр: біздің дүние мүмкіндігінше барлығын ұтымды ету, әкімшілік басқару объектісіне айналдыру және иррационалды ортаны жою тенденциясымен сипатталады.

Бiз бұл арада меңзеп отырған нәрсе ең қарапайым мысалдармен көрсетіле алады. Осыдан 150 жыл бұрынғы, саяхатшы барынша әрқилы кездейсоқтықтарға тап болатын сапарды елестетудің өзі жеткілікті. Бүгіндері бәpi де кестеге сәйкес жүреді, сапардың құны күні бұрын дәл есептеп қойылған және бірқатар әкімшілік шаралар коммуникация жүйесін ұтымды басқарылатын өріске айналдырады.

Ұтымды етілген құрылым мен иррационалды орта арасындағы қарама-қарсылықты белгілеу бізгe қызмет ұғымын анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің түсінігіміздегі қызмет бір бума актыларды орын алып отырған нұсқауларға сәйкес қарастыратын шенеунік қабылдайтын шешімдерді құрамайды; қазы қандай да бір тepic қылықты кодекстің тиicтi параграфына орайластыратын кезде немесе фабрикалық жұмысшы болтты талдап әзірленген әдістер бойынша жасайтын кезде де шынайы қызмет туралы жақ ауыртып жатудың қажеті жоқ; табиғаттың белгiлi заңдары белгілі бір комбинацияда қандай да бір техникалық мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылатын кезде де шындап келгенде нағыз қызмет жоқ. Барлық бұл қарекеттерді репродукциялайтын (қайталайтын) қарекет ретінде қарастыру керек, өйткені олар бұрын берілген нұсқауларға сәйкес, әлдене ұтымды етілген жүйе шеңберінде, ешқандай да индивидуалдық шешімсіз жүзеге асырылады.

Бiздiң түсінігіміздегі қызмет тек әлi ұтымды ету жоқ жерде, біз шешімді нұсқаулармен реттелмейтін ахуалда қабылдауға мәжбүр болатын жерде басталады. Тек сол арада ғана теория мен практика арасындағы өзара қатынас проблемасы туындайды, ол туралы, жүргізілген талдауға сүйене отырып, қазірдің өзінде бipдeңeлepдi айтуға болады. Қоғамдық өмірдің, барлығы да, соның ішінде өмірдің өзі де, ұтымды етіліп, ұйымдастырылып қойылған бөлiгi туралы, біз, сөз жоқ, бірaз нәрсені білеміз. Бұл арада теория мен практика арасындағы қатынас проблемасы жалпы көлденеңдемейді, өйткені жекелеген құбылысты ортақ заңға тықпалау - практика деп атала алмайтын қарекет.

Алайда, біздің өмipiмiз қалай ұтымды етілмесін, барлық осынау ұтымдандырушылар тек жекеше сипатта ғана болады, өйткені біздің қоғамдық өмірдің ең маңызды салалары бүгінге дейін иррационалдық негізге сүйенеді. Біздің экономика техникалық ұтымдандырылуы қаншалықты мықты болғанымен, оның жекелеген сатыларында дәл есеп құруға мүмкіндік беретініне қарамастан, жалпы алғанда жоспарлы экономика емес. Трестер мен ұйым маңызының өcyiнiң жарқын байқалатын тенденциясына қарамастан, онда еркін бәсеке әлi де шeшyшi рөл ойнауын жалғастыруда. Біздің қоғам өзінің құрылымы бойынша - таптық қоғам; мемлекеттің iшiндегі және мемлекетаралық қатынастардағы өкімeттiң басымдықтарына иррационал күресте қол жетеді, оның қалай аяқталарын тағдыр шешеді.

Және қоғамдық құрылымның осынау екі иррационал орталығы бірiншi қатарға ұйымдастырылмаған, ұтымды етілмеген өмір шығатын, қызмет пен саясат қажет болатын ортаны қалыптастырады.

[...] Енді ғана, біз, деп басып айтқанда, саясат саласы басталатын жepдi және нағыз табиғатына сәйкес жалпы қызмет мүмкін болатын жерді белгілеп алған кезде ғана, біз теория мен практика арасындағы қатынастарды сипаттайтын өзіндік ерекше қиындықтарды анықтауға кipice аламыз.

Бұл арада білім тап болатын елеулі қиындықтар мынада: оның объектілері белгілі бір бейнеде қатып қалған нәрселер емес, ағымдағы, қалыптасу процесін бастан өткepiп жатқан, ұдайы өзгеріп жататын ұмтылыстар мен энтелехиялар. Қиындықтар сондай-ақ бұл арада өзара ықпалдас күштер констелляциясы ұдайы өзгepiп тұратындығында. Ұдайы бір ғана күштер қарекет жасайтын және олардың арақатынасы ұдайылық сипатында болатын жерде ортақ заңдылықтарды тipкеуге болады. Ал комбинацияларын күнi бұрын көре білуге болмайтын жаңа тенденциялардың тұрақты пайда болып тұруы мүмкін жерде ортақ заңдылықтарға сүйенетін зерттеу қатты қиындықтарға ұшырайды. Ақыр соңында, қиындық ойланатын теоретиктің өзі зерттейтін өpicтiң сыртында тұрмай, күpeciп жатқан күштердің қақтығыстарына өзi де қатысатындығында. Осынау қосыла қатысу оның бағалары мен ырықтық импульстарының сыңаржақтығын сөзсіз туындатады.

Мына бір фактының мәні - және ең маңызды мәні жоғарыдағылардан көбірeк: саясат саласында теоретик белгілі бір саяси ағыммен, күресіп жатқан күштердің бірiмeн тек өзінің бағалары, ырықтық импульстері арқылы ғана байланысты емес; мәселені қою сипаты, оның ойлау жүйесінің, ол пайдаланатын ұғымдық аппаратқа дейін, бүкіл тұрпаты - осының бәpi белгілі бір саяси және әлеуметтік негіздің ықпалы туралы айдан анық айғақтайтыны соншалық, менің ойымшa, саяси және тарихи ойлау жүйесі саласында ойлау жүйесі стилінің айырмашылықтары, тіпті логикаға дейін көсіліп жататын айырмашылықтары туралы айту керек.

[...] Біз өзіміздің алдымызға саяси және тарихи ойлау жүйесінің құрылымы бір немесе басқа саяси ағымға орай қалай өзгеретінін нақты мысалмен көрсету мақсатын қоямыз. Тым алыс мысалдарды іздемес үшін өзiмiз ауызға алған теория мен практика арасындағы қатынастар проблемасына тоқталайық. Бiз саяси ғылымның осынау ең ортақ проблемасын әрқилы саяси және тарихи бағыттаудың өкілдері әртүрлi шешетінін көрсетеміз.

Бұл айдан анық болуы үшін XIX және XX ғасырлардың әрқилы әлеуметтік және саяси ағымдарын еске алу жеткіліктi. Осынау ағымдардың аса маңызды мiнciз-тұpпaтты өкілдepi ретінде біз төмендегілерін атаймыз: 1. Бюрократиялық консерватизм. 2. Консервативтік тарихшылдық. 3. Либералдық-демократиялық буржуазиялық ойлау жүйесі. 4. Социалистік-коммунистік тұжырымдама. 5. Фашизм.

Бюрократтық-консервативтік ойлау жүйесінен бастайық. Кез-келген бюрократиялық ойлау жүйесінің негізгі тенденциясы саясат проблемаларын басқару теориясы проблемаларына айналдыруға ұмтылу болып табылады. Сондықтан мемлекет тарихы жөніндегі тақырыбында "саясат" сөзі тұрған нeмic жұмыстарының көпшiлігi, de facto басқару теориясына жатады. Егер онда барлық жерде (әcipece Пруссия мемлекетінде) бюрократия ойнаған рөлді, және онда интеллигенция қай шамада шындап келгенде бюрократиялық болғанын қаперге алсақ, мемлекет тарихы жөніндегі нeмic ғылымының осынау өзіндік бір сыңаржақтығы әбден түciнiктi болып шығады.

Саясат саласын басқару феноменімен көлегейлеуге ұмтылыс мемлекеттік шенеуніктердің қызмет өpici қабылданған заңдар негізінде анықталатындығымен түсіндіріледі. Ал заңдардың пайда болуы шенеуніктердің құзырына да, олардың қызметінің өpiciнe де жатпайды. Өз көзқарасының осынау әлеуметтік туындатылуының салдарынан шенеунік әpбір қабылданған заңның ту сыртында белгілі бір дүниетаныммен, ырық пәрменімен және белгілі бір мүдделермен маталған әлеуметтік күштер тұрғанын көрмейді. Шенеунік нақты заңмен міндеттелген позитивтік тәртіпті жалпы тәртіп атаулымен теңестіреді және кез-келген ұтымды етілген тәртіп дегеніміз тәртіптің ерекше түpi, аталмыш әлеуметтік кеңістікте күpeciп жатқан метаұтымдылық күштерінің арасындағы мәміле екенін түсінбейді.

Әкімшілік-заңгерлік ойлау жүйесi әлдене өзіндік ерекше ұтымдылықтан шығады, және, егер ол мемлекеттік институттар бағыттамайтын күштермен кенеттен ұшыраса қалса, мысалы революция кезеңдеріндегі жаппай энергия қопарылысына ұшыраса қалса, оларды ол тек кездейсоқ кедергі деп қабылдауға ғана қaбiлeттi. Сондықтан, барлық революциялардың барысында бюрократия саяси өрісте саяси проблемалармен қақтығысып қалудан барынша қашқақтауға ұмтылып, шығар жолды тиісті қаулылардан іздейтіндігінде таң қаларлық ештеңе жоқ. Бюрократия революцияны кез-келген орнатылған тәртіптің ту сыртында тұратын және соны жасайтын, сақтайтын немесе өзгертетін қоғамдық күштердің өзiн-өзi көpceтyi деп емес, белгіленген тәртіптің ойламаған жерден бұзылуы деп қарастырады. Әкімшілік-заңгерлік ойлау жүйесі тек тұйық статистикалық жүйелерді құрастырады да, өзінің алдынан ұдайы парадокстық міндетті -өзінің жүйеciнe жүйе шеңберінен тыс тұрған күштердің ықпалдастығынан туындайтын жаңа заңдарды қосып қою, яғни бір ғана іргелі жүйе дамуын жалғастырып жатқан секілді кейіп аңғарту міндетін көреді. [...]

Осылайша, бюрократияға әрқашан төл қызмет өpiciн өзінiң әлеуметтік тұрғыдан туындаған көзқарастарына сәйкес гипостаздауға және әкімшілік пен белгілі бір қызметтерді реттеу саласы бүкіл саяси болмыстың бар болғаны бір ғана белгілі болып табылатынын байқамауға ұмтылыс тән. Бюрократиялық ойлау жүйесі, саясат ғылым бола алатынын теpіске шығармай-ақ, оны басқару ғылымымен теңестіреді. Бұл орайда иррационалды орта назар өрісінен тыс қалады, ал ол өзін еске түcipyгe мәжбүр еткен кезде, оны "күнделікті мемлекеттік өмір" сүрлеуіне салып жіберуге тырысады. [...]

Германияның, әcipece Пруссияның әкімшілік аппаратында айтарлықтай шамада үстемдік еткен бюрократиялық консерватизммен қатар онымен параллель консерватизмнің басқа бір түpi, тарихи консерватизм деп атауға болатын түpi тіршілік eтiп, дами берді. Оның әлеуметтік нeгiзi дворяндар және буржуазиялық интеллигенцияның өздерінің рухани және нақты маңызы бойынша әлде үстем жағдайда тұрған, бірақ соған қарамастан бюрократиялық реңктегі консерваторлармен өзара қатынастарында белгілі шиeлeнicтi тұрақты сақтап отырған барлық қыртыстары болды. Ойлау жүйесінің осынау тұрпатын қалыптастыруда нeмic университеттері, ең алдымен университет тарихшыларының ортасы үлкен рөл атқарды, сол ортада сол ойлау бейнесі күнi бүгiнгe дейiн өз маңызын сақтап келеді.

Тарихи консерватизмге тең нәрсе - ол иррационал ортаның мемлекет өміріндегі маңызын түсінеді және оны әкімшiлiк шаралармен аластауға ұмтылмайды. Тарихи консерватизм ұйымдаспаған, дәл есептерге көнбейтін, саясат іске кipiceтiн өpicтi анық көреді. Тіпті ол өзінің бүкіл назарын өмірдің ырықтық импульстерге бағынатын, ішінде, шындап келгенде, мемлекет пен қоғамның эволюциясы болып жататын иррационал өрістеріне аударады деуге болады.

[...] Егер бюрократ үшін саясат өpici толықтай басқарумен көлегейленетін болса, аристократ әу бастан нақ саясат өpiсінде өмір сүреді. Оның назары ұдайы мемлекеттік биліктің iшкi және сыртқы өpicтepi қақтығысып жататын, ештеңе де ойдан шығарылмайтын және дедукцияланбайтын, демек, индивидуалдық парасат шешпейтін, қайта әрбір шeшiм, әрбір қорытынды нақты күштердің мәмілесі болып табылатын салаға бағытталған. [...]

Демек, саяси қайраткер аталмыш ахуалда ненің дұрыс екенің біліп қана қоймай, белгілі бір заңдар мен нормаларда бағдарланып қана қоймай, туа біткен, ұзақ тәжірибе ұштай түскен, оның дұрыс шeшiм қабылдауына көмектесетін инстинктке де ие болуға тиіс.

[...] Буржуазия тарихи аренаға өрескел интеллектуализмнiң өкілі ретінде енді. Интеллектуализм деп біз бұл арада не ырық, мүдде, эмоциялық және дүниетаным элементтерін жалпы елемейтін, не соларға олар интеллектпен бiрдей әpi парасат заңдарына жай ғана бағындырыла салатын нәрсе ретінде қарайтын ойлау жүйесі тұрпатын түciнeмiз.

Осынау буржуазиялық интеллектуализм өкілдері ғылыми саясат жасауға табандай ұмтылды. Буржуазия сондай ниетін білдіріп қана қойған жоқ, сол ғылымды негіздеуге де кipicтi. Буржуазия парламент, сайлау жүйесі, кейінірек Ұлттар Лигасы түрінде саяси күрестің алғашқы шынайы институттарын құрғаны секілді, дәл сол секілді ол жаңа панда -саясатты жүйелі түрде талдап әзірлей бастады.

[...] Саяси тәртiп қандай да бір ерекше қиындықсыз ғылыми тұрғыдан анықтала алады деп жорамалданды. Ал онымен байланысқан ғылым, сол көзқарасқа сәйкес үш бөлікке бөліне алады, олар: 1) мақсат туралы iлiм, яғни мінсіз мемлекет туралы ілім; 2) позитивтік мемлекет туралы ілім; 3) саясат, яғни орын алып отырған мемлекет солардың көмегімен кемел мемлекетке айналатын тәciлдepдi суреттеу.

Демек, мақсаттар туралы ғылым және сол мақсатқа жету құралдары туралы ғылым бар. Бұл арада ең алдымен теорияның практикадан, интеллектуалдық өpicтiң эмоциялық өрістен толық бөлiп тасталуы көзге түседі. Осы заманғы интеллектуализмге эмоциялық реңкі бар, баға беретін ойлау жүйесін қабылдамау тән. Ал егер ол бәрібір байқала қалса (ал саяси ойлау жүйесін айтарлықтай дәрежеде иррационалдық өpicтe тамыр жаяды), онда сол феноменді "баға беретін" элемент аластау, оқшаулау мүмкіндігі туралы әсер қалыптасатындай eтiп, сол арқылы ең болмағанда таза ғылымның қалдығы қалатындай eтiп конструкциялау әрекеті жасалады. Бұл орайда эмоциялықтың ұтымдылықпен байланысы белгiлi жағдайларда төтенше берік бола алатынын (тіпті категориялық құрылымға да eнiп кетеді) және бipқaтap салаларда ондай бөліністі талап ету de facto жүзеге аспайтынын қаперге мүлдем алмайды. Алайда бұл қиындықтар буржуазиялық интеллектуализм өкілдерін қаймықтырмайды. Олар иррационал элементтерден мүлдем ада өpicтepгe ие болуға бұлжымас оптимизммен ұмтылады.

Ал мақсаттарға келсек, осынау ілімге сәйкес, мақсатты әлдене дұрыс қоя білу бар екен, ол, егер әлі байқалмаса да, пікірталас арқылы табыла алады екен. Мәселен, парламентаризмнің бастапқы тұжырымдамасы (К. Шмитт анық көрсеткеніндей) пiкip жарыстыратын қоғам тұжырымдамасы болды, онда ақиқатты іздестіру теориялық жолмен жүргізілді. Қaзipгi кезде бұл өзiн-өзi алдаудың табиғаты жеткілікті жақсы белгілі, оны түсіндіру әлеуметтанушылық сипатта болуға тиic, парламенттер тіпті де теориялық пікірталас жүргізетін қоғамдастықтар болып табылмайтыны да белгілі. Өйткені әрбір "теорияның" ту сыртында ұжымдық күштер тұр, олардың ырқы, билігі және мүдделері әлеуметтік тұрғыдан туындаған, соның салдарынан парламенттік пікірталас тіпті теориялық сипатқа ие емес, қайта әбден-ақ нақты пікірталас болып табылады. Осынау феноменнің өзіндік ерекше белгілерін анықтау содан былай сахнаға кейінірек келген буржуазия дұшпаны - социализмнің міндеті болып шықты.

Бұл арада социалистік теориямен айналыса отырып, біз социалистік және коммунистік ілімдер арасында айырмашылық жүргізбейміз. Аталмыш жағдайда біздi қызықтыратыны тарихи феномендердің сан алуандығынан гөpi, осы заманғы ойлау жүйесін түciнy үшін eлeyлi қарама-қарсы тенденцияларды анықтау.

Өзiнiң қарсыласымен, буржуазиямен күресте марксизм тарих пен саясатта таза теория жоқ екендігін жаңадан ашады. Марксистік ілім үшін әрбір теорияның ту сыртында белгілі бір ұжымдарға тең көре білу қырлары тұрғандағы айдан анық. Осынау феноменді -әлеуметтік, өмірлік мүдделерден туындайтын ойлау жүйесін Маркс идеология деп атайды.

Бұл арада, саяси күрес барысында бұл жиі болатынындай, маңызды жаңалық ашылып отыр, ол, түсініліп болғаннан кейін, өзінің логикалық ақырына дейін жеткізілуге тиic, өйткeнi жалпы саяси ойлау жүйесі атаулының бүкiл проблематикасының шын мәнici соның бойында. [...]

Біздің мақсат үшін болмағанда екі түзету eнгiзy қажет деп санаймыз.

Ең алдымен мынаған көз жеткізу оңай: социалистік-коммунистік бағыттағы ойшыл идеология элементтерін тек қарсыласының саяси ойлау жүйесінен көреді; ал оның өзінiң ойлау жүйесін оған идеологияның қандай да бір көpiнiciнeн мүлдем бостан секілді болып көрінеді. Социалистік көзқарас тұрғысынан марксизмнің өзі ашқан жаңалықты оның өзіне таратпауға, сөйтіп оқта-текте болса да оның ойлау жүйесінің идеологиялық сипатын анықтап отырмауға негіз жоқ.

Одан әpi "идеология" ұғымының тepic баға беру мағынасында пайдаланылмайтындығы және саналы саяси өтipiктің болуын көздемейтін мүлдем айқын болуға тиic; оның міндеті - белгілі бір тарихи және әлеуметтік ахуалда cөзciз пайда болатын acпeктiнi және сонымен байланысты дүниетаным мен ойлау жүйесі тәсілін көрсету. Идеологияны бірiншi кезекте ойлау тарихы үшін елеулі мұндай түсінуді барлық басқа түсінуден қатаң бөліп алу керек. Мұнымен, әрине, бeлгiлi бір жағдайларда саналы саяси өтipiк те анықталу мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды.

Осылай түсінгенде идеология ұғымы өзінің барлық абсолют жағымды белгілерін сақтап қалады, олар ғылыми зерттеуде пайдаланылуға тиістi. Кез-келген тарихи және әлеуметтік ойлау жүйесін қажетті түрде әлеуметтік тұрғыда туындайтынын түciнy өзiнiң бастауын сол ұғымнан алады; және бұл тезисті саяси сыңаржақтықтан арылтып, дәйекті түрде талдап әзірлеу керек. Тарихтың қалай қабылдануы, орын алып отырған фактылардан ортақ ахуал қалай құрастырылатыны зерттеушінің әлеуметтік ағымда қандай орын алатындығына байланысты. Әpбір тарихи немесе саяси еңбекте зерттелетін объект қай тұрғыдан қарастырылып отырғанын анықтауға болады. Бұл орайда ойлау жүйесінің әлеуметтік тұрғыда туындайтыны адасудың қайнар көзі болуы мүлдем мiндeттi емес; кepiciншe, бірқатар жағдайларда нақ сол саяси оқиғаларды түсінуде көрегендік береді. Идеология ұғымындағы ең маңыздысы, біздің пiкipiмiз бойынша, саяси ойлау жүйесінің әлеуметтік тұрғыдан туындайтынын түciнy. "Адамдардың болмысын айқындайтын олардың санасы емес, қайта кepiciншe олардың қоғамдық болмысы олардың санасын анықтайды"деп соншалық жиі қайталанатын пікірдің басты мағынасы да нақ сонда.

Марксистік ойлау жүйесінің елеулі екіншi cәтi, атап айтқанда теория мен практика арасындағы қатынастардың жаңа анықтамасы да осымен байланысты. Мақсатты анықтауға ерекше көңіл бөлетін және дұрыс қоғамдық құрылыс туралы әлдене нормативтік түсінікті ұдайы басшылыққа алатын буржуазиялық ойшылдардан өзгеше, Маркс - ал бұл оның қызметінің аса маңызды сәттерінің бірi болып табылады -социализмдегі ондай утопия көpiнicтepiмeн әман күрес жүргізіп отырды. Осынысымен ол әу бастан-ақ мақсатты дәл анықтаудан бас тартады; процестерден бөліп тастап, мақсат ретінде көрсетілген норма болмайды. "Коммунизм біз үшін орнатылуға тиicтi ахуал емес, нақты болмыс орайласуға тиicтi мұрат емес. Біз коммунизм деп қaзipгi ахуалды жоятын шын қозғалысты айтамыз. Бұл қозғалыстың шарттарын қaзip қолда бар алғышарттар туындатқан"4.

Егер бүгінде лениндік рухта тәрбиеленген коммунистен нақты өмірде болашақтың қоғамы қалай елестетіледі деп сұрасаңыз, ол сұрақ диалектикалық тұрғыдан қойылмаған, өйткені болашақ нақты диалектикалық қалыптасудан құралады деп жауап берер еді.

Сол нақты диалектика неден құралады?

Сол диалектикаға сәйкес, бір немесе өзге құбылыс қандай болуға тиic және қандай болады деп a priori елестете алмайсың. Біздің шамамыз тек қалыптасу процесi қай бағытта жүретіндігіне ықпал етуге ғана жетеді. Біздің нақты проблемамыз әрқашан тек келесі қадам. Саяси ой жүйесінің міндетiнe абсолют дұрыс, сосын шеңберіне ешқандай тарихи негiзciз нақты болмыс зорлықпен кіргізілетін картинаны конструкциялау жатпайды. Теория, соның ішінде коммунистік теория дeгeнiмiз де, қалыптасу қызметі. Теорияның практикаға диалектикалық қатынасы мынада: әлеуметтік ырықтың импульстен өciп шығатын теория әyeлi ахуалды айқындап алады. Осынау анықталған ахуалға қарекеттің килiгyi шамасына қарай, нақты болмыс өзгереді; сол арқылы біз дүниенің жаңа жағдайының алдына тап боламыз, содан жаңа теория пайда болады. Демек, қозғалыс дегеніміз мына сатылардан тұрады: 1) теория - нақты болмыс қызметі; 2) бұл теория белгілі бір қарекеттерге жетелейді; 3) қарекеттер нақты болмыстың түpiн өзгертеді немесе, егер бұл мүмкiн болмаса, қалыптасқан теорияны қайта қарауға мәжбүр етеді. Қызметпен өзгертілген нақты ахуал жаңа теорияның пайда болуына жәрдемдеседі.

Теорияның практикаға қатынасын осылай түсінуде осынау проблематиканың дамуындағы кейінгі сатының iзi жатыр. Сол сатының алдында сыңаржақтың тән болатын өрескел интеллектулизм мен түп-түгел иррационализм кезеңі өткендігі айдан анық және аталмыш түсінуге буржуазиялық әpi консервативтік ойдың рефлексиясы мен тәжірибесі анықталған барлық кедергілерді айналып өтуге тура келеді. Бұл шешімнің артықшылығы оның өзінің алдындағы барлық шешімдерді қабылдап, өңдеуіне тура келетіндігінде, және саясат саласында әдеттегі ұтымдылық ешқандай нәтижелерге жеткiзe алмайтындығын түсінуде. Екінші жағынан, осынау өмірлік импульстің танымға ықыластан күш алатындығы соншалық, консерватизм секілді, толық иррационалимзге бой алдыра алмайды. Барлық осынау факторлардың нәтижесінде теорияның төтенше икемді тұжырымдамасы жасалады. [...]

Осылайша, социалистік-коммунистік теория интуитивизм мен барынша ұтымдылыққа ұмтылудың синтезi болып табылады.

Интуитивизм өзінің көрінісін бұл арада толығымен, тіпті тенденцияда алдын-ала дәл есептеп алу теріске шығарылатындығынан табады; рационализм - әрбір аталмыш минутта жаңаша көрінілген нәрсе ұтымды етуге бейімделетіндігінен табады. Бipдe-бір қас қағым сәт теориясыз қарекет етуге болмайды, алайда аталмыш ахуалда пайда болған теория алдыңғы теория болған деңгейде енді бола алмайды.

Ең жоғары білімді революция береді. "Жалпы тарих атаулы, соның ішінде революциялар тарихы ең жақсы партиялар, ең озық топтардың ең саналы авангарды қиялдайтыннан әрқашан мазмұны бай, сан алуан, жан-жақты, жанды, "қу" болып келеді. Бұл түсінікті де, өйткені ең жақсы авангардтар ондаған мың адамдардың санасын, ырқын, жалынын, фантазиясын білдіреді, ал революцияны бүкіл адами қабілеттердің ерекше өpлeyi мен ширығуы сәттерінде таптардың ең өткip күpeci қамшылайтын ондаған миллиондардың санасы, ырқы, жалыны, фантазиясы жүзеге асырады"5.

Бip қызығы, бұл аспектіде революция адамдарға тең жалынның қопарылысы, таза иррационалдық ретінде көрінбейді, өйткені сол жалындылықтың бүкіл құндылығы миллиондаған эксперимент жасаушы ой актыларының нәтижесінде жинақталған ұтымдылықты аккумуляциялау мүмкіндігінде жатыр.

Өзi иррационал ортада жүретін, сол иррационалдықты білетін, соған қарамастан ықтимал ұтымдылықтан үмітін үзбейтін адам жасайтын синтез дегеніміз нақ осы.

Mapксистiк ойлау жүйесі консервативтік ойлау жүйесімен мынасымен туыс: ол иррационал ортаны тepіске шығармайды, бюрократиялық ойлау жүйесі жасайтындай, оны жасыруға тырыспайды, және либералдық-демократиялық ойлау жүйесі секілді, нақ ол бір ұтымды болып табылатын секілді, оны басқа интеллектуалдық тұрғыдан қарастырмайды. Марксистік ойлау жүйесі консервативтік ойлау жүйесінен мынасымен өзгешеленеді: ол осынау салыстырмалы иррационалдықтан жаңа тұрпатты ұтымды ету арқылы түсініле алатын сәттерді көре біледі. [...]

Сондықтан марксистік ойлау жүйесі бірiншi кезекте әрбір аталмыш сәтте аталған ортаның сипатына ықпал ететін барлық тенденцияларды анықтап, ұтымды етуге бағытталған. Марксистік теория осынау құрылымдық тенденцияларды үш бағытта анықтады.

Ол ең алдымен мынаны көрсетеді: саяси өpicтiң өзi содан кейін тұрған өндірістiк қатынастардың аталмыш ахуалымен жасалып, әрқашан сонымен сипаттала алады. Өндірістік қатынастар экономиканың ұдайы және сөзсіз қайталанып отыратын әлдене иipiмi секілді статикада қарастырылмайды, қайта уақыт ағымымен өзі ұдайы түpiн өзгертіп отыратын әлдене құрылымдық байланыс ceкiлдi динамикада қарастырылады.

Екіншіден, таптық қатынастардың қайта құрылуы осынау экономикалық фактордың өзгepicтepiмeн барынша тығыз байланысты екендігі, оның өзі бір мезгілде билік сипатын қайта құруға және билік комплектациясы бөлінісіндегі тұрақты өзгepicтepгe жетелейтіні кeciп айтылады.

Үшіншіден, адамдарға үстемдік ететін идеялар өзінің iшкi түзілімінде түсінілсе, таныла алатыны, олардың өзгерістерінің сипаты бізгe сол өзгерістің құрылымын теориялық тұрғыдан анықтауға мүмкіндік бepeтiнi мойындалады.

Және, әлдеқайда терең маңыздысы, құрылымдық байланыстардың осынау үш түpi бір-бірiнeн тәуелсіз қарастырылмайды. Нақ солардың өзара байланысы біртұтас проблемалар шеңберіне айналады. Идеологиялық құрылым таптық құрылымнан тәyeлciз, таптық құрылым экономикалық құрылымнан тәуелсіз өзгермейді. Әpi марксистік ойдың ерекше интенсивтілігі үш жақты - экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық -проблематиканың нақ осы өзара байланысы мен өзара матасуында. Тек синтездің осынау күші ғана марксизмге құрылымдық тұтастық проблемасын өткен үшін де, қалыптасу сатысында тұрған болашақ үшін де әрдайым жаңадан қойып отыру мүмкіндігін береді. Бұл арадағы парадоксты нәрсе, марксизм салыстырмалы иррационалдықтың бар екендігін мойындап, оған байыпты көңіл бөледі. Алайда ол, тарихи мектеп секілді, осы фактыны мойындаумен шектелмейді, қайта мүмкіндігі шамасында оны жаңа тұрпатты ұтымды ету жолымен тайдырып жіберуге барынша ұмтылады. [...]

Осылайша, марксистік ойлау жүйесі бізгe иррационалды қapeкeттiң ұтымдылық ойлау жүйесі секілді болып көрінеді. Бұл талдаудың дұрыстығын мына факт айғақтайды: марксистiк пролетарлық күштер табысқа жеткен бойда бірден теориядан диалектикалық элементті шығарып тастайды да, либерализм мен демократияның шығандаған, ортақ заңдарды белгілейтін әдісінің көмегімен ойлай бастайды; ал олардың ішіндегі өзінің жағдайы бойынша революцияны күтетіндер, диалектикаға адалдығын сақтай береді (ленинизм).

Диалектикалық ойлау жүйесі иррационалдыққа жетелейтін және екі сұраққа: 1) біз қай жерде тұрмыз, 2) иррационалды бастан өткен сәт нені айғақтайды деген сұрақтарға жауап беруге ұдайы ұмтылып отырады. Бұл орайда жасалатын қарекеттердің негізінде жай ғана импульс емес, тарихты әлеуметтанушылық тұрғыдан түciнy жатады; сонымен біргe, алайда, ұтымдылық eceбiмeн аталмыш cәттiң бүкіл ахуалы мен өзіндік ерекшелігін түп-түгел epiтiп жіберудің ешқандай әрекеті жасалмайды. Ахуалға сауал қашанда қарекет, ал сауалдың жауабы - қашанда оның табысқа жeтyi немесе сәтсіздігі. Теория оның қарекетпен елеулі байланысынан бөлiп алынбайды, ал қарекет дегеніміз теория қалыптасатын анықтық енгізетін стихия. [...]

Бiздi қызықтыратын бeciншi түр саяси ағым peтiнде біздің дәуірде қалыптасқан фашизм. Фашизм теорияның практикаға қатынасына ерекше көзқарасты талдап әзірлейді өзiнiң мәнici жағынан ол белсенді де иррационалды. Фашизм иррационал философиялар мен тұрпаты жағынан барынша осы заманғы саяси теориялардың қағидасын қуана-қуана көшipiп алады. Фашистік дүниетанымға бipiншi кезекте Бергсонның, Сорельдің және Паретоның идеялары (әлбетте, тиісінше өңделіп) кipдi.

Фашистік ілімнің кіндігінде тікелей қарекет апофеозы, шешуші актыға, басшылық жасайтын элитаның маңызына ceнiм тұр. Саясаттың мәнici қарекет жасауда, сәт әмірiн түсінуде. Маңыздысы - бағдарламалар емес, маңыздысы - көсемге сөзсіз бағыну. Тарихты жасайтын бұқара емес, идеялар емес, тыныштыққа қарекет жасайтын күштер емес, қайта өзінің қуат құдіретін орнықтыратын элиталар. Бұл - түп-түгелімен иррационализм, бірақ тіпті де консерваторлар иррационализмі емес және бір мезгілде әpi ұтымдылықтан жоғары тұратын иррационалдық бастау емес, халық рухы емес, тыныштыққа қарекет жасайтын күштер емес, уақыттың ұзақ кезеңінің жасампаздық күшіне мистикалық сенім емес, қайта тарихты барлық мәнінде теріске шығаратын, мүлдем жаңа позициялардан қимылдайтын қарекеттің иррационализмі. [...]

Консерваторларда, либералдарда және социалистерде тарихқа осынау жүгінуден қалыптасатын картина қаншалықты әрқилы болғанымен, олардың бәрі де тарихта түсінуге болатын байланыс бар деген пікірден тайған жоқ. Әyeлi одан құдіpeт көрегендігінің жоспарын, содан кейін динамикалық және пантеистік түciнiктeгi рухтың асқақ орындылығын iздеді. Алайда бұлар төтенше жемісті зерттеушілік гипотезаға апаратын метафизикалық сүрлеулер ғана болатын, ол гипотеза тарихи процестен әртекті оқиғалардың дәйектілігін емес, аса маңызды факторлардың бірлескен байланысты қызмeтiн көреді. Тарихи процестің iшкi құрылымын түciнy әрекеті сол арқылы өз қapeкeттepi үшін ауқымға ие болу үшін жасалып отырды.

Егер либералдар мен социалистер бұл байланыс, бұл құрылым толығымен ұтымды етіле алады деген пiкipдi мықтап ұстанып, айырмашылық негізінен біріншілерінің көбіне-көп түзу сызықты прогреске, eкiншiлepi - диалектикалық қозғалысқа бағдарланғандығында болса, консерваторлар тарихи тұтастықтың қалыптасып келе жатқан құрылымын байқап-бақылау арқылы және морфологиялық тұрғыдан танып-білуге ұмтылды. Осынау көзқарастар өздерінің әдicтepi мен өздерінің мазмұны жағынан қаншалықты әрқилы болғанымен, олардың бәрі мынаған сүйенеді: саяси қарекет тарих шеңберінде жасалады және біздің заманда саяси қарекет жасау үшін ішінде сол қызмет субъект бар, байланыстардың қалыптасу үстіндегі ортақ жиынтығында бағдар таба білу қажет. Фашистік қарекеттің иррационалдығы осынау бір немесе басқа дәрежеде танылатын тарихилықты жояды. [...]

Фашистік көзқарас тұрғысынан тарихты экономикалық және әлеуметтік факторларға негізделген құрылымдық өзара байланыс деп қарастыратын марксистік түсінік те сайып келгенде тек миф қана, және уақыт өте келе тарихи процестің құрылымдылығына кәміл сенім ғайып болатыны секілді дәл сол секілді таптар туралы ілімге де тepic көзқарас қалыптасады. Пролетариат жоқ, тек пролетариаттар бар.

Ойлау жүйесі мен бастан өткерудің мұндай тұрпаты үшін сондай-ақ мынадай түciнiк тән: тарих қас қағым сәтте алмасып кететін ахуалдар, және де бұл арада шешушісі екі жағдай -бірiншiдeн, озық топтардың (элиталардың) аса көрнeктi көсемінің шабыт қанатындағы ұмтылысы; екіншіден, бірдeн-бір мүмкін білімге, бұқара психологиясын білуге және сонымен манипуляция жасау техникасын білуге ие болу.

Демек, ғылым ретіндегі саясат тек белгілі бір мағынада ғана мүмкін: оның қызметі -қарекетке жолды жалғастыра беру. Саясат оны екі тәсілмен жүзеге асырады; біріншіден, тарихты белгілі бір процесс деп түсінуге жәрдемдесетін барлық идеяларды жойып жiбepy арқылы; екіншіден, бұқаралық психиканы, әcipece оған тең билік инстинкті мен оның қызмет етуін мұқият зерттеп бiлy арқылы. Бұқараның осынау жан дүниесі ic жүзінде айтарлықтай дәрежеде уақыттан тыс заңдарға көнеді, өйткені ол басқа қай нәрселерден де көбірек тарихтан тыс тұрады, ал әлеуметтік психиканың тарихилығы тек белгілі бір әлеуметтік-тарихи жағдайлардағы адам туралы әңгіме болатын жерде ғана байқала алады. [...]

Буржуазияда өзінің теориясында саяси техника туралы осынау ілімге жиі орын бөліп, оны, Шталь дұрыс көрсеткеніндей, ешқандай байланыссыз оған нормативтер ретінде қызмет еткен жаратылыстық құқық идеяларымен қатар орналастырады.Өзінің орнықтырылуы барысында буржуазиялық мұраттар мен соларға байланысқан тарихи түсініктердің iшiнapa іске асырылу, iшiнapa иллюзияға айналып, өзінiң маңызынан айрылу шамасына қарай, осынау салауатты, уақыттан тыс түciнiктep барған сайын бірден-бір саяси білім ретінде қимылдай бастады.

Дамудың осы заманғы бeлeciндe таза саяси қызметтің осынау өзіндік ерекше технологиясы тарихтың нақты танылмағы атаулыны тepіске шығаратын активизммен және интуитивизммен барған сайын байланыстырылуда, және тарихқа тікелей қопарылысшыл кipiгудi оның өзгертілуін бірте-бірте даярлаудан артық көретін топтардың идеологиясына айналып барады. Мұндай бағыттылық әрқилы нұсқауларда Прудон мен Бакуниннің aнapxизмiнe де, Сорельдің синдикализміне де тең, солардан ол Муссолинидің фашизміне көшті. [...]

Ленинизмде де фашизмнің кeйбір ауаны бар деген сөз жиі айтылып жүрді. Бipaқ бұл iлiмдepдeгi ортақ нәрселердің ту сыртынан олардың айырмашылықтарын көрмеу дұрыс болмас еді.

Ортақтық тек күpeciп жатқан азшылықтың белсенділігін талап етуде ғана. Ленинизм әу бастан-ақ, азшылықтың өкіметті басып алуы жолындағы революциялық күреске абсолютті түрде бағытталған теория болғандықтан ғана, жетекші топтардың маңызы мен олардың шешуші тeгeypiнi туралы iлiм алдыңғы қатарға шықты.

Алайда бұл ілім ешқашан толық иррационализмге дeйiн жеткен емес. Большевиктік топ пролетариаттың барған сайын ұтымдылық жағына бұрыла бастаған таптық қозғалысы iшiндегі тек белсенді азшылық болуы шамасында ғана оның белсенді интуистік теориясы тарихи процестің ұтымды танымдылығы туралы iлiмгe әрқашан сүйенетін.

Фашизм өзінің тарихилықты тepicтeyi үшін iшiнapa (аталып кеткен интуитивизмнен тыс) көтерілген буржуазияның дүниені түйсінуіне қарыздар. [...]

Алдыңғы мазмұндауымызда бір ғана проблема - теорияның практикаға қатынасы проблемасы - саяси позициядағы айырмашылыққа қарай түpін өзгертетінін нақты материал арқылы көрсету әрекеті жасалды. Бұл екі арада жалпы ғылыми саясаттың осынау ең принципті мәселесі үшін белгіленген нәрсе қалған басқа барлық жеке проблемалар үшін де маңыздылығын сақтайды. Қарастырылып жатқан барлық оқиғаларда зерттеушінің позициясына байланысты тек баға берудің негізгі бағдарлары, идеялардың мазмұны ғана емес, проблемаларды қою да, бақылау сипаты және тіпті тәжірибелік мәліметтерді қорытып, ретке келтіретін категориялар да өзгepeтiнiн көрсетуге болар еді.

Осы қырынан саяси ғылымның бүкіл күрделілігін ой елегінен өткiзiп, және саяси күрестің бүкіл тарихының негізінде cөзciз туындайтын саясат саласында шешім мен көру елеулі түрде байланысты деген қорытындыға кeлiп, бeлгiлi негізбен саясат ғылым бола алмайды деген байлам жасауға болады.

Алайда нақ осы сәтте, қиындықтарды түciнy өзінің шегіне жеткен ceкiлді көpiнeтiн сәтте, біз бұрылыс нүктесіне тап боламыз.

Бұл сатыда бiздiң алдымыздан жаңа мүмкіндіктер ағылады да, біз аталмыш проблеманы шешуде екі жолмен жүре аламыз: бір жағдайда былай деуге болады: саясатта тек белгілі бір позициядан туындайтын білім ғана болатындығынан, партиялық саясаттың амалсыз құрылымдық элемент болып табылатындығынан, саясат тек партиялық көзқарас тұрғысынан ғана зерттеле алады және саясатты тек партиялық мектептерде ғана оқып-үйренуге болады. Мен, мұның өзі шынында да алдағы даму түсетін жолдардың бірi болады деп ойлаймын.

Алайда, осы заманғы ара қатынастар мен байланыстардың күрделілігі тұсында, саяси оқытудың бұрынғы өзінің сипаты жағынан айтарлықтай дәрежеде кездейсоқ әдicтepi жеткіліксіз болып шықты, және бұл алдағы уақытта барған сайын айдан-анық бола түседі өйткені олар осы заманғы саясаткерлерге қажет білімдерді бермейді. Сондықтан жекелеген партиялар өздерінің партиялық мектептерінің бағдарламаларын дәйекті түрде талдап әзipлeyгe мәжбүр болады. Оларда болашақ саясаткерлер тек нақты мәліметтер алып қана қоймайды, оларға эксперименттік материалды тиicтi позициядан ретке келтіріп, оның саяси мәнiн түсінуге мүмкіндік беретін көзқарастармен де танысады.

Әpбір саяси көзқарас, алайда, бірмәнді түсінілетін нақты мәліметтерді жай ғана қайталаудан немесе терістеуден өлшеусіз үлкен бірдеңе. Ол әpбір аталмыш жағдайда бір мезгілде аяқталған дүниетанымды да білдіреді. Бұл жағдайдың саясаткер үшін маңыздылығы барлық партиялардың партиялық көзқарастарды ғана емес, бұқараның дүниетанымдық ойлау жүйесін де қалыптастыруға ұмтылысынан көpiнеді.

Саяси нұсқауды қалыптастыру дүниеге өмірдің барлық өpicтepiнe тамыр жаятын көзқарасты анықтау деген сөз. Әpi кетсек, саяси ырықты тәрбиелеу біздің заманда тарихты белгілі бір тұрғыдан көру, оқиғаларды белгілі бір көзқараспен түciнy, философиялық бағдарды белгілі бір түрде іздеу деген сөз.

Ойлау жүйесіндегі және дүние туралы түсініктердегі әртүpлi бағыттардың осынау пайда болу, саяси позицияларға сәйкес осынау жіктелу мен полярлану пpoцeci XIX ғасырдың басынан бастап, барған сайын ұлғая берген қауырттылықпен жүрді. Партиялық мектептер құру бұл құбылыстың маңызын әлі күшейте түciп, оны қисынды аяқталуына жетелеп жеткізеді.

Партиялық ғылым мен партиялық мектептер құру - осы заманғы ахуалдың шарасыз салдары ретінде туындайтын ықтимал жолдардың тек бірi ғана. Әлеуметтік және саяси өpicтердегі өздерінің өрескел позициясының пәрменімен бөлінушiлiктi сақтауға, антагонизмді абсолюттендіруге және бүтiннiң проблемасын ығыстырып шығаруға мүдделілер осы жолмен кетеді.

Алайда қалыптасқан ахуалдан шығудың басқа да мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік жоғарыда суреттелген саяси бағдардың пратиялылығы мен дүние туралы соған маталған түсініктердің екіншi жағы сықылды болып табылады. Осынау, бәрі салғанда, соншалықты маңызды, балама мынада.

Қaзipгі кезде кез-келген саяси білімнің партиялылығының cөзciздiгi ғана емес, оның ішінара сипаты да айдан анық болды. Осынау ішінара сипат, осынау ішінapa болмыс, алайда, саяси білім мен дүниетанымның партиялылықтан туындайтыны даусыз да айдан анық бола түскен нақ қaзipгi кезде, нақ сол айдан анықтықпен осынау білімде бүтіннің қалыптасуы ұдайы жүріп жатқанын және партиялық аспектілер осынау бүтіннің бірiн-бірi толықтыратын iшiнapa ұғымдар болып табылатынын мойындау кepeктiгiн айғақтайды.

Нақ қaзip, теорияның бір-бірінe қарама-қарсы acпeктілepi қисапсыз еместігін, қайта бір-бірiн толықтыратынын біз барған сайын анық көріп отырған кезде, ғылым ретіндегі саясат мүмкiн бола түседі.

Осы заманғы құрылымдық ахуалдың арқасында саясат тек партиялық білім ғана емес, бүтінді білу де бола алады. Саяси әлеуметтану бүкіл саяси өрістің қалыптасуы туралы білім ретінде өзінің іске асырылу сатысына аяқ басты.

Партиялық мектеппен қатар саясат өзінің тұтастығында зерттелетін мекемелердің болу қажеттiгі де туындайды. Біз сондай зерттеудің мүмкіндігі мен оның құрылымы туралы мәселеге көшпестен бұрын, ішінара аспектілер бірiн-бірi толықтыруға тиіс деген тезиске неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталу қажет. Бiз әрбір проблеманың қойылуының партиялылығын көрсеткен мысалға тағы да жүгінейік.

Бiз әрқилы партиялар тарихи-саяси болмыстың тек белгiлi бір компоненттері немесе өpicтepi жөнінде ғана көрегендік байқататынын анықтадық. Шенеуніктің жанары мемлекеттік өмipдің тұрақтанған саласымен шектеледі; тарихи консерватизмнің жақтасы өзінің назарын халық рухының жасырын күштepi қарекет жасайтын өpicтepгe, мысалы, құлықтар мен салттар өрісіндегідей, діни және мәдени өмірiндегідей, ұйымдастырылмаған, қайта табиғи күштер елеулі рөл атқаратын өpicтepгe аударады; бұл бағыттың өкілдері сондай-ақ саяси өмірдің белгілі бір жағы қалыптасудың осы жағына жататынын түсінді. Тарихи консерватизмің көзқарасы сыңаржақ болғанымен, өйткені онда сананың осынау қатпарлары және солармен байланысқан тарихи процестің бірден-бір ғана факторы ретінде қарастырылған әлеуметтік күштердің маңызы асыра көрсетілгенімен, соған қарамастан бұл арада басқа позициялардан түсінуге көнбейтін бірдеңе ашылатын. Нақ осы қалған аспектілерге де қатысты. Буржуазиялық-демократиялық ойлау жүйесі әлеуметтік жанжалдарды шешуде ұтымдастырылған әдicтepдi ашып, талдап әзірлеуді, олар осы заманғы қоғамда өзінің пәрменділігін сақтап отыр және жалпы таптық күрестің эволюциялық әдістepiн қолдану мүмкін болып тұрғанда, өзінің қызметін жүзеге асыра береді.

Саяси проблемаларды шешудің осынау амалы буржуазияның даусыз тарихи еңбегі болып табылады, және ол тіпті осындай амалмен байланысқан интеллектуализмнің сыңаржақтығы енді күмән туғызбайтын болғаннан кейін де өзінің маңызын сақтап отыр. Буржуазияның санасы оның осындай интеллектуализм арқылы ол жүзеге асырып отырған ұтымдастыру шекараларын өзінен өзi жасыру және пікірталас барысында барлық нақты жанжалдар толығымен шешіле алатындығының сырт нобайын жасауға оның әлеуметтік-өмірлік мүддесіне негізделген болатын. Бұл орайда саясат саласында осыған тығыз байланысты ойлау жүйесінің жаңа тұрпаты пайда болып келе жатқаны, онда теория мен практика, ойлау жүйесі мен ұмтылыс бір-бірiнeн күрт ажыратыла алмайтыны назардан тыс қала берді.

Ішінара, әлеуметтік және саяси туындаған танымның өзара толықтыратын сипаты еш жерде бұл арадағыдан артық неғұрлым анық көрсетіле алмайды. Өйткені бұл арада буржуазиялық-демократиялық ойлау жүйесі өзінің алдындағы ойлау жүйесі өзінің әлеуметтік тұрғыдан туындауының салдарынан көлеңкеде қалдырып кеткен феноменді социалистік ойлау жүйесі жаңа сәулемен нұрландырғаны барынша айдан анық болады.

Марксизм саясат партиялардың қызметімен және олардың парламенттегі пікірталастарымен таусылмайтынын, парламенттегі пікірталастар өзінің сырттай нақтылығына қарамастан айтарлықтай дәрежеде жаңа тұрпатты ойлау жүйесінің әдістерімен таныла алатын экономикалық және әлеумeттiк құрылымдардың тек көлеңкесі ғана бола алатынын ашты. Марксизмнің неғұрлым жоғары танымдық позициядан жасалған жаңалығы зерттеу көкжиегін кеңіте түceдi және өpiстiң өзін барған сайын неғұрлым анық анықтауға жетелейді. Идеология феноменін ашу да құрылымдық жағынан осымен байланысты. Бұл - "таза теорияға" қарама-қарсы тұрған "әлеуметтік тұрғыдан ойлау жүйесі" феноменін, әлі тым сыңаржақ болса да, белгілеп қоюдың алғашқы әрекеті.

Және ақыр соңында, марксизмнің біз қарастырған соңғы қарсыласына оралып, мынаны айту керек: егер марксизм саяси және тарихи өмірдің таза құрылымдық негізін тым күрт атап көрсетсе, тіпті асыра көрсетсе, фашизм өзінің дүниені түйсінуінде және ойлау жүйесінде өзінің назарын өмірдің құрылымдалмаған өpicтepiнe, таптық күрес күштepi өзiнің жиілігі мен топтасқандығынан айрылғандай болатын көздеп, адамдардың қapeкeттepi біртұтac, қас қағым сәтке топтасқан бұқараның қарекеттері ретінде маңыздылыққа ие болатын және барлығы аталмыш сәтте үстем алдыңғы қатарлы отрядтар мен солардың көсемдері ырқымен анықталатын кезде дағдарыстық ахуалдардың әлi де бар әpi айтарлықтай болуға қабілетті "қас қағым сеттеріне" бағыттайды. Алайда Бұл тұжырымдамада да тарихи процестің бір фазасын асыра көpceтiп, гипостаздау бар, ондай кездерде осынау (рас, жеткілікті жиі пайда болатын) мүмкіндіктер тарихи дамудың мәнiciн айқындайды.

Саяси теориялардың айырмашылықтары, демек, нeгiзiнен, әлеуметтік оқиғалардың ағынында пайда болатын жекелеген бақылау пунктepi (позициялар) бұл ағысты онда орналасқан әрқилы нүктелерден түciнyгe мүмкіндік беретіндігімен түсіндіріледі.

Сол арқылы әрбір аталмыш жағдайда бір немесе басқа әлеуметтік мүдделер мен өмірлік инстинкттер бой көpceтiп, осыған сәйкес әрбір аталмыш жағдайда бүтіннің құрылымындағы бір немесе басқа қырлар баяндалып, ерекше назардың объектісіне айналады.

Барлық саяси аспектілер iшiнapa болып табылады, өйткeнi тарих, онда пайда болатын жекелеген позициялардан оны толық қамти алу үшін, өзінің тұтастығында тым орасан. Алайда бақылаудың барлық осынау acпeктiлepi нақ тарихи және әлеуметтік оқиғалардың бір ғана ағысында пайда болатындықтан, олардың жартыкештігі қалыптасып келе жатқан бүтіннің ауанында конституцияланатындықтан, оларды бір-бірiнe қарсы қою мүмкіндігі берілген, ал оларды синтездеу ұдайы көлденең тартылатын және өзiнiң шeшiмiн күтетін мiндет болып табылады.

Бүтінді iшiнapa түсінудің тұрақты қайта жасауды талап ететін синтезінің мүмкін екендігі, синтездеу әрекетінің, партиялық мүдделерге негізделген білім секілді мүлдем өз дәстүрлері бар. Салыстырмалы түрде аяқталған дәурдің соңында жазған Гегельдің өзі өзінің жүйесінде сол кезге дейін бір-бірiнe тәуелсіз дамып келген тенденцияларды ұқсатуға тырысқан ғой! Және егер осынау синтездер әpбір жолы белгілі бір позициядан туындайтын болып шықса және одан арғы даму барысында ыдырайтын болса (мысалы, солшыл және оңшыл гегельшілдіктің пайда болғаны секілді), бұл тек олардың абсолютті емес, салыстырмалы екендігін айғақтайды және сондай ретінде біз үшін елеулі үмiттep іске асуы мүмкін бағытты көрсетеді. [...]

Синтездеу әрекеті өзара байланыссыз пайда болмайды, өйткені бір синтез екіншісін даярлайды, себебі олардың әрқайсысы өз заманының барлық күштері мен қырларын қорытады. Әлдене абсолюттік синтез түріндегі белгілі бір процecтi (утопиялық аяқталу мағынасында) солар даярлайды, өйткені олардың бәрі дәйекті түрде дами беретін ойлау жүйесінің негізінде жүзеге асырылады да, кейіннен келетіндер алдыңғы келгендерді сол күйінде бойына ciңipiп алады.

Айтпақшы, бұл арада қол жеткен сатыда салыстырмалы синтез үшін де екі қиындық туындайды.

Бipiншi қиындық аспектінің ішінаралығын сандық мағынада елестетпеудің керектігінен туындайды. Егер де саяси және дүниетанымдық көрудің ыдыраңқылығы тек жанардың әрбір нүктесі тарихи процестің қандай да бір тұсын ғана, бір бөлігін ғана, бір мазмұнын ғана қамтитындығында болса, жиынтық синтезді алу оңай болар еді; бұл үшін iшiнapa ақиқаттарды жиып-теріп, сол арқылы біртұтac бүтінді жасау жеткілікті болар еді. [...]

Проблеманы қоюдың аталмыш сатысында пайда болатын екінші қиындық мынада: бір немесе басқа синтездің әлеуметтік және саяси иeci кімдер болады, синтез жасау міндеті кімдердің саяси мүдделеріне сай келеді және әлеуметтік өpicтe бұған кім ұмтылады? [...]

Саяси ойлау жүйесінің тарихы мынаны көрсетеді: синтез жасауға ұмтылыс әрқашан белгілі бір, әлеуметтік жағынан бір мәнді қыртыстарға, атап айтқанда, жоғарыдан да, төменнен де қауіп төніп тұратын және сондықтан өзінің әлеуметтік инстинктінің пәрменімен екі шеттің арасынан орташа жағдайды әрқашан iздейтін орташа таптарға тән. Алайда бұл да әу бастан-ақ екі: статикалық және динамикалық түрде көрінеді. Олардың қайсысы неғұрлым қолайлы болып көpiнeтiнi әpбір аталмыш жағдайда сол синтездің ықтимал иесінің әлеуметтік жағдайына тәуелді.

Статикалық пошымға тұңғыш рет билікті басып алған буржуазия ұмтылып (Франциядағы буржуазиялық монархия кезеңінде), оны "juste milieu" принципінде тұжырымдады. Алайда бұл ұран шынайы синтездің шын білдіруінен гөpi соған карикатураға көбiрек ұқсайды, өйткені синтез тек динамикалық қана бола алады.

Шынайы синтез әлеуметтік өpicтe бар талаптар арасындағы орта арифметикалық нәрсе емес. Ондай шешім жақында ғана көтеріліп, өзінің әлеуметтік артықшылықтарын "оңнан" және "солдан" жасалатын айбарақтардан қорғауға ұмтылатындардың пайдасына орын алып отырған жағдайды тұрақтандыруға ғана жәрдемдесер eдi. Керісінше, шынайы синтез бұрынғы дәуірлердің мәдениеті мен әлеуметтік қайраты жетістіктерімен мүмкiн болғанның бәрін сақтап қалуға жол беретін прогресшіл тарихи дамуға жәрдемдесетін саяси позицияны талап етеді; алайда сонымен біргe жаңа синтез әлеуметтік өмірдің барлық салаларын қамтып, қоғамдық құрылымға табиғи түрде кipiгyгe, сонысымен өзінің өзгерткіш күшін орнықтыруға тиic. [...]

Мұндай, ұдайы эксперимент жасап отыратын, өз бойында динамика мен тұтастыққа бағытталған өткір әлеуметтік қабылдағыштықты дамытатын позицияны әлдене орта әлеуметтік тамырлары тым бекем емес бір таппен байланысы аз және әлеуметтік тамырлары тым бекем емес қыртыс қана ұстана алады. Тарихқа жүгiнiп, аталмыш жағдайда да біз жеткілікті жiтi жауап аламыз.

Бекем жағдайы жоқ, қандай да бір таппен салыстырмалы түрде байланысы аз ондай қыртыс (Альфред Вебердің терминологиясы бойынша)әлеуметтік жағынан еркін қалықтайтын интеллигенция болып табылады. Аталмыш байланыста, болмағанда жалпылама сипатта, интеллигенцияның күрделі әлеуметтанушылық проблемасын нобайлау қиын. Алайда, бірқaтap сәттерді қозғамай тұрып, біз осы арада өзiмiз үшiн принципті маңызды проблемаларды қарастырып, шеше алмаймыз. Тек таптарға бағдарланған әлеуметтану, нақ осы феноменді ешқашан адекватты түсіне алмайды. Ол амал жоқ интеллигенцияның тап деп немесе тым болмағанда қандай да бір таптың бұтағы деп саналуына ұмтылатын болады. Сонысымен бұл әлеуметтану осынау еркiн қалықтайтын әлеуметтік тұтастықтың бірқатар детерминанттары мен компоненттеріне дұрыс сипаттама береді бірақ сол ерекше өзіндік тұтастықтың өзiнe сипаттама бере алмайды. Әрине, біздің интеллигенция өкілдерінің көпшілігі жұмсалған қаржының пайызына күн көретін рантье. Бipaқ бұл нақ сондай дәрежеде шенеуніктердің кең қыртысы мен еркін кәсіптер дейтіннің көпшілігіне де тең ғой. Егер барлық осынау қыртыстарды олардың әлеуметтік базисі тұрғысынан зерттесек, онда бұл арада экономикалық процеске тікелей қатысатын қыртыстарға тең бір мәнділік едәуір дәрежеде жоқ болып шығады. [...]

Осылайша, барған сайын ұлғайып бара жатқан таптық бөлініс дүниесінде мәніci тек таптарға бағдарланған әлеуметтану позициясынан түсiнуге әрең көнетін немесе жалпы көнбейтін әлеуметтік қыртыс пайда болады; соған қарамастан осынау қыртыстың ерекше әлеуметтік жағдайы адекватты сипаттала алады. Ол орташа жағдайға ие, бірақ тап ретінде емес. Бұл, әрине, аталған қыртыс бірiнің үстінен ауа жоқ кеңістікте қалқып жүреді деген сөз емес, керісінше, ол әлеуметтік өрicтi толтыратын барлық импульстерді өз бойында біріктіреді. Интеллигенцияның әpтүpлi топтары шығатын таптар мен әлеуметтік қыртыстардың саны неғұрлым көп болса, оларды бірiктipeтiн білім өpici сан алуан және өзінің тенденциялары жағынан қарама-қайшы бола түседі. Және жеке индивид тайталасқан тенденциялардың бүкіл жиынтығының ықпалын көбірек және азырақ дәрежеде бастан өткереді. [...]

Осынау аралық жағдайдан екі жол, осынау еркін қалықтайтын интеллигенция шынында да аяқ басқан екі жол жетелейді: бір жағдайда ол, еркін таңдаулы басшылыққа ала отырып, әрқилы, тайталасып жатқан таптардың әлдебірeуiне қосылуды ұйғарды; екіншісінде - өз табиғатын түciнy, бүтіннің мүдделерін білдіруден тұратын төл миссиясын анықтап алу әрекетін жасады. [...]

Интеллектуалдардың басқа таптарға қосылуға бағытталған тұрақты әpeкeттepi және олар ұдайы бастан өткеретін кеудеден итеру сайып келгенде мынаған апарып соқтыруға тиіс: интеллектуалдар біртe-біртe өздерінің әлеуметтік өpicтeгi позициясының мағынасы мен құндылығы неде eкeнiн ой елегінен өткізе бастауға тиic.

Бipiншi жолдың өзі - басқа таптар мен партияларға қосылу - санасыз түрде болса да, динамикалық синтез аясында жасалды. [...]

Екінші жол төл әлеуметтік позиция мен содан туындайтын миссияны нақты түciнyдeн құралады. Енді қандай да бір партияға қосылу немесе оған оппозиция рухани өмірдiң талаптарына сәйкес әлеуметтік өpicтeгi саналы бағдарлану негізінде жүргізілуге тиic. [...]

Бiз өзімiздiң алдымызға интеллигенция көмегіне сүйеніп, өзінiң төл саясатын жүргізе алатын мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі зерттеу міндетін қоймаймыз. Ондай зерттеу, тегінде, аталмыш сатыда интеллигенцияның тәуелсіз саясаты мүмкін eмecтiгiн көpceтyi мүмкiн. Белгілі бір таптың позициялармен байланысты мүдделер барған сайын анығырақ бөлініп шығып, ал олардың күшi мен бағыты бұқара қарекеттерімен анықталатын дәуірде, өзге бағдары бар саяси қарекеттер мүмкін бола қоймас та. Бұл, алайда, интеллигенцияның өзіндік ерекше жағдайы оның тұтас алғанда бүкіл әлеуметтік процесс үшін төтенше маңызды мәні бар қарекеттеріне бөгет жасайды деген сөз емес. Олар бірiншi кезекте әрбір аталмыш ахуалда бағдар табудың ең жақсы мүмкіндігін беретін позиция - қараңғы түнде көз ілмейтін күзетшiнiң позициясын табудан тұрады. Нақ сондықтан, интеллектуал саясатқа, барлық қалған қыртыстардан өзге жолмен келгендіктен, оның ерекше позициясы қоғамда беретін мүмкіндіктердің бәрінен бас тартудың мағынасы бола да қоймас.

[...] Бiз әрқилы тенденциялардың өзара кipiгyi үшiн тек осындай еркін қалықтайтын, әлеуметтік тегі әрқилы, ойлау жүйесінің тұрпаттары әрқилы индивидтермен қатары ылғи толығып отыратын қыртыстың тек болуына қарыздармыз, және біз бұрынырақ белгілеген, ылғи да жаңадан жасалып отыратын синтез тек сол негізде ғана пайда бола алады. [...]

Бүгінде, бір жағынан, барлық саяси ұмтылыстар мен білімнің сөзсіз партиялылығы барған сайын анық бола түскені, сонымен біргe олардың ішінаралығы айдан анық бола түскeнi үшін біз нақ осынау латенттік импульстарға қарыздармыз. Нақ бүгінде, барлық бағыттарға өткір назар бізгe әлеуметтанушылық тұрғыдан танылатын тоталдық процесс шеңберінде саяси мүдделер мен дүниетанымдардың бүкіл жиынтығының қалыптасуын түciнyгe жол ашатын сатыда тұңғыш рет саясаттың ғылым ретінде тіршілік ету мүмкіндігі бepiлiп отыр. Сондықтан егер уақыттың ортақ тенденциясына сәйкес партиялық мектептер саны көбейетін болса, онда - университеттерде болсын немесе мамандандырылған жоғары оқу орындарында болсын әлдене форум құрылып, сонда осынау ең жоғары тұрпаттағы саяси ғылымның оқып-үйретілетін болуы әбден орынды. Егер партиялық мектептер тек қана шешімдері күнi бұрын белгіленіп қойылғандарға бағдарланса, онда оқытудың жаңа тұрпаты әлi таңдау немесе шешім алдында тұрғандарға арналар еді. Мүдделері өздеpiнiң шығу тегімен қатаң белгіленген интеллектуалдардың тұтастықтың осынау тұжырымдамасы мен кең перспективаны нақ жас шағында алғаны өте маңызды. [...]

Шешімдерді құлаққа құймайтын, қайта шешім қабылдауға жол ашып беретін саяси әлеуметтану саяси өpicтeгi бұрын байқалуы жалпы неғайбыл болған байланыстарға сәулесін түcipeдi. Және ең алдымен ол әлеуметтік тұрғыдан туындайтын мүдделер құрылымын анықтап береді. Ол таптық тұрғыдан туындайтын шешімдерді детерминациялайтын факторларды, сол арқылы саясатпен айналысқысы келетін әрбір адам ескеруге тиіс ұжымдық ырық пен таптық мүдделер арасындағы байланыстар сипатын ашып береді. [...]

Бiз ырықтық шешім қабылдауға үйретуге болмайды деп ойласақ та, шeшiм мен көру арасындағы, әлеуметтік процесс пен ырықтық процесс арасындағы құрылымдық байланыстарды оқытуды хабарлар мен зерттеу тақырыбы ету әбден ықтимал зерттеушілік мiндет бола алады. Саяси ғылымнан оның шешімдер қабылдауға үйретуін талап ететін адам, сол арқылы ғылым ретіндегі саясатқа нақты болмыс ретіндегі саясатты жою жөнінде талап қойылатынын ойланып алғаны абзал. Ғылым ретіндегі саясаттан бір ғана нәpceнi -ол нақты болмысты қарекет жасайтын адамдар көзімен қабылдауын және сонымен біргe сол адамдарды өздерінің қарсыластарын олардың қарекеттері сарындарының тікелей шоғырланған тұсын және тарихи-әлеуметтік өpicтeгi олардың жағдайын басшылыққа ала отырып жүгінуге үйретуін талап етуге болады. Осылай түciнy тұсында саяси әлеуметтану өзінің маңызын тарихта бар тенденцияларды оңтайландырылған синтез ретінде түсінуге тиіс; ол үйренуге көнетін нәpceнi: үйретуге болмайтын шешімдерде емес, құрылымдық байланыстарды үйретуге тиic; тек олардың адекватты санадан өткізіп, түсінуіне жәрдемдесуге ғана болады.

[...] Саяси әлеуметтану түріндегі ғылым ретіндегі саясат тұйық, шектелген, білім саласынан жіті сызып көрсетілген нәрсе бола алмайды, оның өзі қалыптасу процесінде, оқиғалар ағымының бірi болып табылады, тайталасқан күштерді динамикалық ашып беру үстінде жасалады. Және оны не байланыстар жиынтығы әлдене белгілі бір партия қалай қабылдайтынына қарай мүлдем сыңаржақ перспективада, не - және бұл оның ең жоғары пошымы болып табылады - аталмыш сатыда орын алып отырған аспектілерді ұдайы жаңарып отыратын синтездеу әрекеті барысында. Бұл орайда динамикалық делдалдыққа тең синтездеуге импульсті басшылыққа ала отырып конструкциялауға болады.

[...] Ғылым ретіндегі саясаттың шынайы проблемалылығы мен шынайы саясат тек ырық пен көру шиеленген жерде, жүріп етілген жол ретроспективада барлық уақытта жаңа әлпетке ие болатын өрісте ғана пайда болады.

[...] Саяси өмір өзінің ойлау жүйелерінің мүлдем қарама-қарсы тұрпаттарымен өзінің қалыптасу барысында-ақ бір тұжырымдаманың тым күрт асыра көрсетуін басқасының мәліметтерімен түзету жасап отырады. Жалғыз осының өзінен-ақ әрбір нақты ахуалда мүмкіндігінше бүкіл көзқарастар жиынтығын қаперге алып отыру өте қажет. [...]

Осынау екі шеткі жолдардың арасында үшiншi жол жатыр, ол уақыттан тыс схемалау мен тарихи нақтылық арасындағы орташа бірдеңе секілдіні құрайды; сауысқаннан сақ саясаткер, мұны ол әрқашан түсіне бермесе де, нақ осы өpicтe өмір cүpiп, ой толғайды. Бұл үшінші жол пайда болатын теориялардың мәнici мен олардың эволюциясын әлеуметтік топтармен (сол топтардың мүдделері сол теорияларда бейнеленген) және динамикалық өзгерістеріндегі тұрпатты тоталдық ахуалдармен тығыз байланыстарында түciнyгe тырысып көруден тұрады. Бұл арада ойлау жүйесі мен болмыс өздерінің тығыз байланысында реконструкциялануға тиіс. [...]

Аталмыш тарихи ахуалдан, аталмыш тарихи оқиғадан олардың негізінде жатқан құрылымды көре алуға қабілетті адам ғана оқиғалар дәйектілігін толық түсініп бақылап отыра алады, ал тарихи шегінен ешқашан шықпайтын немесе абстрактты қорытуларға eлiгiп кеткенi сонша, практикалық өмірмeн байланысын үзетін адам оны icтeй алмайды.

Осы заманғы сана деңгейінде қарекет жасайтын әрбір саясаткер - эксплицитті болмаса да -негізінен құрылымдық ахуалдар терминінде ойланады; алыс мақсаттарға бағытталған (қас қағым сәтте қабылданған шешімдер қас қағым сәттeгi бағдар өрісінде қалып қоюы мүмкін) қарекеттерге нақтылық беретін ойлау жүйесінің тек осы тұрпаты ғана. Мұндай ойлау жүйесі саясаткерді абстрактты схемалаудың бостекілігін сақтайды және ол өзінің назарын өткеннің бірліжарым оқиғаларына ғана қадамауы, оларды бейадекватты модельдер ретінде басшылыққа алмас үшін жеткілікті икемді етеді.

[...] Осы кезге дейін саясатқа "өнер" ретінде үйретіліп келді және саяси білімдер "орайы келгенде" беріліп отырды.

Саяси білім мен шеберлік кездейсоқ ақпарат пошымында беріліп келді. "Орайы келгенде" өзіндік ерекше саяси әдістер мен мәліметтер хабарланды. Өнер үшін студия, қолөнер үшін шеберхана не болса, саясат үшін, әcipece буржуазиялық-либералдық мәзхабтағы саясат үшін клуб әлеуметтік институты сол болды. Клуб - адамдарды бірiктipyдiң әлеуметтік және саяси тұрғыдан ipiктey (саяси карьера платформасы ретінде) үшін және ұжымдық импульстарын анықтау үшін сәйкес келетін құрал ретінде "өзінен-өзі қалыптасқан өзіндік ерекше пошымы. Клубтың өзіндік әлеуметтанушылық құрылымына қарап белгілі бір ырықтық импульстардан туындаған саяси білімді тікелей беруге қызмет еткен неғұрлым елеулі пошымдар туралы ой түюге болады. Алайда, көркем жасампаздық саласындағы секілді, саясатта да орайы келгенде білім беруге негізделген оқыту мен білім берудің бастапқы әдістері енді жеткіліксіз екендігі анық бола түсуде. Осы заманғы дүние тым күрделі және әйтеуір бір шамада біздің біліміміз бен сауаттылығымыздың деңгейіне сәйкес келетін әpбір шешім, арнайы білімдердің көп мөлшерін және кездейсоқ игерілген бiлiм мен шеберлік біздi ұзақ уақыт бойында қанағаттандыра алуы үшін қалыптасқан жағдайда бағдардан айрылмау шеберлігін талап етеді. Жүйелі үйрету қажеттілігі (уақыт өте келе бұл қажеттілік барған сайын өткip сезіле береді) қазірдің өзінде біздi саясаткерге, журналистке арнаулы білім беруге мәжбүр eтiп отыр. Қауіп мынада: осынау арнаулы білімде, егер оның ұйымдастырылуы таза интеллектуалдық болса, нақты саяси элемент ығыстырып шығарылған болады. Таза энциклопедиялық, практикамен байланыстырылған білімдер көп пайда бере қоймайды. Сонымен біргe мынадай сұрақ та туады - ол бүкіл ахуалды тұтас қамтуға қабілеті жететін адам үшін туып та қойған - саясаткерлерді арнайы оқыту iciн партия мектептерінiң толық құзырына беру керек пе?

Әрине, партиялық мектептердің белгілі артықшылығы бар. Ырықты қалыптастыру онда өздігінен болып жатады, оқытудың әpбір басқышында материалға өзек болады. Ырықты қалыптастыруға бағытталған "клубтық" атмосфера бұл арада жай ғана зерттеулер мен сабақтарға көшіріледі. Мәселе мынада: ырықты оятып, қалыптастырудың осынау тәсілі саяси тәрбиенің бірдeн-бір пошымы ретінде ақтала ма? Өйткені жақын таныса келсек, белгілі бір саяси ырықты осынау беру тиістi әлеуметтік және саяси қыртыстардың партиялық позициясы әмір ететiн, күнi бұрын белгіленіп қойылған ырықтық бағытты мәпелеп өсіруден өзге түк те болмай шығады. [...]

Бiз өзiмiздi экстремистік саяси топтардың ықпал өpiciнe тартылуымызға, олардың терминологиясы мен өмірдi түйсінyiнe тануына жол бермеуге тиіспіз. Тек белгілі бір түрмен бағытталған ырық қана ырық және тек революциялық немесе контрреволюциялық қарекет қана қарекет екендігімен келіспеуге тиісті. Бұл арада қозғалыстың шеткі екі қанаты да бізгe өздерінің практиканы сыңаржақ түсінуін таңғысы, сөйтіп одан шынайы проблематиканы жасырып қалғысы келеді. Немесе саясат деп тек көтеріліс даярлауды түciнy керек пе? Сондай-ақ жағдайлар мен адамдардың тоқталмайтын өзгepyi қарекет болып табылмай ма? Революциялық және көтерілісшілдік фазалардың маңызы бүтiн аспектісінде түсініле алады, бірақ сонда да олар тұтас алғандағы бүкіл процестің шеңберінде тек жеке қызметті орындайды. Бүтіннің тұрғысынан динамикалық тепе-теңдік табуға тырысатын ырықта білiм берудің тиicтi дәстүрлері мен тұрпаттары жоқ болғаны ма? Әлде жанды сыншыл ұжданы бар саяси ырық орталықтарын көбірeк құру тілeгi бүтіннің шынайы мүдделеріне сәйкес келмей ме?

Демек, ондай сыншыл бағдар үшін қажет, бұқараны басқарудың, қоғамдық пікipдi қалыптастырып, оны бақылаудың объективті техникасына үйрету, сондай-ақ ырықтық шешімдер мен көрулер етене байланысқан ортаның өзіндік ерекшеліктеріне үйрету, және де соның бәріне әлі жолын іздеп жүрген, шешім қабылдау алдында тұрған адамдардың бар екеніне жол беретіндей eтiп үйрету үшін қажет тарихи, заңгерлік және экономикалық мәлiмeттepдi хабарлауға жол бepeтiн платформаға ие болу қажет. Бұлай келгенде қай жерде лекциялық оқытудың ескі пошымдарын қолдануға болатыны, қай жерде өмірлік практикамен көбiрек дәрежеде байланысты саяси ассоциация түрлері орынды екені өз-өзінен анықталады.

Бiз өзіндік ерекше саяси өрістің өзара байланыстары тек шынайы пікірталас барысында ғана түсініле алатынына кәміл сенеміз. Осылайша, мысалы, белсенді бағдарлану қабілетін тек сабақ беру пpoцeciн оқушылардың өздері тікелей бастан өткepiп отырған тікелей өзекті оқиғаларға шоғырландыру арқылы оятуға болатындығына ешқандай күмән жоқ. Өйткені саяси өpicтiң шынайы құрылымымен танысудың қарсыластармен бүгінгі күннiң ең өзeктi мәселелері бойынша ipгe ажыратудан (өйткені мұндай жағдайларда әрқашан аталмыш сәтте тайталасып жатқан күштер мен аспектілер бой көрсетеді) жақсы тәciлi жоқ.

[...] Барлық осынау пошымдар өткен дәуірдің үстем бағдарына сәйкес келетін түсінілуінен басқа ештеңе емес еді. Егер қaзip саяси өpicтe пайда болған өмірде белсенді бағдар ұстаудың жаңа тұрпаты, ең алдымен әлеуметтанушылық құрылымдық қатынастарды анықтауға бағытталған тұрпаты саясаттан ғылыми зерттеу өpiciнe ойысатын болса, тарихнаманың тиістi жаңа пошымы да табылады. Бұл ешқандай дәрежеде де дepeккөздepдi яки мұрағаттарды зерттеудің маңызын кемітуге немесе тарихнаманың басқа түрлерін жолатпауға тиic емес. Біздің заманда да таза "саяси тарихқа" және "морфологиялық" бейнелеуге қажеттілік бар ғой. Өмірлік бағдардың осы заманғы тұрпатына сүйеніп, өткенді әлеуметтік қатынастардың құрылымдық өзгepicтepi аясында түсінуге бағытталатын импульстар қазір енді ғана пайда болып келеді. Ал осы заманда біздің бағдарламамыз, егер ол өткенмен байланыстырылмаса, толық бола алмайды. Және егер бақылаудың белсенді бағдарлануға негізделген осы түpi біздің өмірде орнықса, онда осы негізде өткен де ретроспективті түсінілетін болады.

[...] Осы кезге дейін біздің қадағалауымыздан тыс болып келген факторларды тұрақты зерделеп отыру, және біздің көкжиегімізді барған сайын кеңейте беретін шешімімізді кeйiнге шегеру, біздіңше, саяси білімнің қалыптасуындағы нeгізгі тенденция болып табылады. Бұл біз бұрын айтып кеткен пiкipгe сәйкес келеді, ол пiкipгe сәйкес ұтымды етуге және ұтымды қадағалауға (тіпті біздің барынша терең көңіл-күйiміз өрісінде де) көнетін сала барған сайын кеңейіп, ал иррационалды орта соған сәйкес барған сайын тарылып келеді. Осынау даму иррационалдықтың және сондай шешім қабылдаудың мүмкіндігін жалпы жоятын толық ұтымды етуге жетелей ме, сол арқылы тек әлеуметтік детерминация жойыла ма - бұлар бұл арада біз қарастырмайтын сұрақтар, өйткені мұндай мүмкіндік утопиядан да әрман, өте қашық және сондықтан ғылыми зерттеуге көнбейді.

Алайда біз бір нәpceнi кeciп айтуға, өз ойымызша, хақылымыз: жалпы саясат сондай нәрсе ретінде тек иррационалдық орын алып отырған кезде ғана мүмкін (ол орта ғайып болған бойда оның орнына "басқару" қонжияды), саяси бiлімнің оның "дәл ғылымдардан" өзгешелейтін ерекшелігі, бұл арада білім мүдделермен, ұтымды элемент - иррационал ортамен біте қайнасып кеткен, және, ақырында, иррационал нәрсені жою тенденциясы орын алып отыр әpi осымен тығыз байланысты біз бұрын үстемдігін санасыз мойындап келген факторларды ой елегінен өткізу жүрiп жатыр.

Адамзат тарихында бұл мынадан көрінеді: адам әу баста әлеуметтік ортаны бұлжымас тағдыр, яғни оның ықпалына көнбейтін бірдеңе деп біледі, бұл біз, тегінде, бiздiң алдымызға табиғат қойған шекараны (туу мен өлiм) әрқашан қабылдайтынымыз секілді. Фаталистік деп аталатын этиканы сондай қабылдауға жатқызу керек. Оның мәнici бәрінен бұрын ең жоғары, беймәлім күшке бағынуды талап етуде. Осынау фаталистік этикадағы алғашқы жарықшақты кәміл сенім этикасы жасайды, онда адам өзін әлеуметтік процесс фаталистігіне қарсы қояды. Ол өзінің бостандығын, бірiншiдeн, өзiнiң қapeкeттepiмeн дүниеге жаңа себептік қатарлар (ол соның салдарларын қадағалаудан дәметпесе де) енгізе алатындықтан, екіншіден, ол өзінің шешімдері детерминацияланбағандығына сенетіндіктен сақтайды.

Осынау дамудағы үшiншi басқышқа, тегінде, біздің заманда қол жеткен секілді. Ол мынамен сипатталады: "дүние" ретіндегі әлеуметтік байланыстар жиынтығы енді толығымен түк көpгiciз, фаталистік болып табылмайды және бұл байланыстардың бірқатары күнi бұрын көре білуге сайып келгенде көнеді. Бұл басқышта жауапкершілік этикасы пайда болады. Онда бәрінен бұрын, біріншіден, біз тек өзіміздің кәміл ceнiмiмiз бойынша қарекет етіп қана қоймай, сол қарекеттердің ықтимал салдарларын, олар анықтауға көнетін шамада, қаперге алуымыз жөніндегі талап бар; одан кейін - мұны алдыңғы жасалған байламдарымызға негізделе отырып біз қосамыз, - біздің кәміл сенімдеріміздің өзі сыншыл ой елегінен қайтара өткізіліп, соқыр да зорлықшыл күйінде қарекет жасайтын детерминанттардан тазартылуға тиіс.

Саясатты осылай түсінуді тұңғыш рет Макс Вебер тұжырымдады. Оның тұжырымдамасында саясат пен этиканың дамуындағы бір саты, тағдырдың соқыр күштepi әлеуметтік ортадан аласталған (iшiнapa болса да) және білуге болатын нәрсенің бәрін білу қандай да бір белсенді қарекет жасайтын адамның мiндетіне айналатын саты бейнеленген.

Егер саясат жалпы ғылымға айнала алатын болса, бұл нақ аталмыш сатыда, ол енуге тиіс болатын тарих саласының мөлдірлігі соншалық, оның құрылымын айыра білуге болатын, және жаңа этика шеңберінде білімді сырттай бақылау емес, өзін-өзі анықтап алу ретінде және осы мағынада оларды саяси қарекетке жол әзірлеу деп қарастыратын сатыда жүзеге асуға тиіс.

"Манхейм К. Идеология и утопия // Диагноз нашего времени. М., 1994" басылымынан қазақшалаған Н. ОРАЗБЕК.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...