Оралхан Бөкей парсы тілінде сөйледі

АУДАРМА
3304

Шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударылған жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкейдің «Бес тиын» әңгімесін Айнаш Қасым тұңғыш рет парсы тіліне аударып, парсытілдес оқырманға ұсынды. Бұл туралы осы аптада ирандық parstoday ақпарат порталы жазды деп, хабарлайды "Мәдениет порталы"

«Жазушының «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесінің де парсы тіліне аударылғанын, жуырда ирандық әдеби журналда жарияланатынын айтқан жөн» деп жазады ирандық басылым. «Фарс» ақпарат агенттігінің дерегіне сүйенсек, Қазақ әдебиетінің ұлы ақыны Абайдың қара сөздері мен поэзиясының, М.Әуезов шығармаларының, Н.Келімбетовтың бір шығармасының парсы тіліне орыс тілі арқылы аударылғанын ескерсек, парсыға аударылған шығармалардың саны саусақпен санарлық екен. «Парсытілді оқырманның қазіргі қазақ әдебиетінің тыныс-тіршілігімен көп таныстығы жоқ екені де аударма ісінің кенжелігімен тікелей байланысты. Оның үстіне шығарма делдал тіл арқылы аударылған кезде оның ұлттық реңкінің солғындай түсетіні де шындық. Осындай жағдайда Оралхан Бөкей шығармаларын қазақшадан тікелей парсы тіліне аудару үдерісінің басталуы көңіл қуантатын іс» деп түйіндейді ирандық БАҚ.

author

Оралхан Бөкей

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...