Жолтай Жұмат-Әлмашұлы
ЖАЗУШЫАқиқат қашанда ащы, оны айта білу одан да ауыр. Соны біле тұра, көлгірсіп, өтірік мақтау айтуға әуестік ше? Шын сөз сұлу емес, ал сұлу сөз ақиқат емес.
ТолығырақЖолтай Жұмат Әлмашұлы (1957 ж. туған) – Қазақ Республикасының Қызылорда облысы, Жанақорған ауданында дүниеге келген. Әбу-Насыр Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің түлегі.
Жиырмаға тарта прозалық және драматургиялық шығармалардың авторы.
«Ұмытылған ұрпақ» (1992), «Найзашың» (1996), «Сұлуды сүю» (1999), «Оянған ұрпақ» (2002), «Пенде мен періште» (2004), «Күлкі мен көз жасы» (2007), «Тірі жан» (2008) «Тар дүние» (2011), «Жеті жебе» (2012), «Ел мен Елес» (2014) т.б. секілді прозалық және драмалық шығармалар жинақтары жарық көрді.
Оның пьесалары Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы драмтеатрда («Бәйтерек басындағы кездесу»), Қызылорда («Сүю серті»), Түркістан («Абақты - ғұмыр»), Жетісай («Ай астындағы алтын шаһар»), Қостанай («Мұңмен алысқан адам»), Қарағанды («Сәкеннің соңғы сапары») т.б. драмалық театрларында үздіксіз сахналануда. «Мұңмен алысқан адам» драмасы ағылшын тіліне аударылып, эксперименттік «Шаңырақ» жастар театры ұжымының күшімен Астанада сахналанды. «Тәуелсіздік толғауы» атты драмалық шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде 3 - дүркін жүлдегер атанды.
Ол сонымен бірге тарихи тақырыптарға да барып, әлденеше тарихи публицистикалық һәм эсселер кітабын жазған. «Сұлтанбек Қожанов» (1994), «Нәзір Төреқұлов» (1996), «Қызыр қонған Түркістан» (1998), «Әуезовтың жұмбақ әлемі» (2005), т.б. тарихи - зерттеу кітаптары басылып шықты.
Көркем дүниелері орыс тіліне де аударылып, «Зов свободы» (2001), «Терзания души» (2007), «Вечная элегия» (2014) деген атпен жеке – жеке жинақ болып басылған. Бірнеше әңгімесі Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан шыққан «Қазақ прозасының антологиясы» басылымында жарияланды. Жекелеген әңгімелері ағылшын, өзбек, әзірбайжан, қырғыз, қарақалпақ, т.б. тілдерге аударылып, жарық көрген.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының кандидаты, Қазақстан жазушылар одағының пленум мүшесі, бірқатар әдеби сыйлықтардың лауреаты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде Үкіметтік ресми басылымдардың Бас редакторы қызметін атқарады.
Көзіқарақты оқырман, әдебиет десе ішкен асын жерге қояр әрбір азамат жақсы білетін болар, әр елдің р...
Осыдан біраз уақыт бұрын әлдебір кәсіпкер жігіт Абай ақынға тиісіп, оның тарихтағы орнын мүлде төмен...
Қазір мерзімдік баспасөзді ашып қарасаң да, сайттарға назар сала үңілсең де - әредік тақырыбы «...
Сөз мырза сілкінді! Еңсе тіктеді! Қайтадан бұрынғы қалпына келе бастағандай. Әйтпесе, алғашқы көрген...
Бірнеше күннен бері маған телефон шалып, хабарласушылар мүлде көбейіп кетті. Неге? Сөйтсем, күні бүг...
Жаңашылдық барлық салаға ауадай қажет десек, әдебиетке тіптен де керек. Қоғамның дамуының бағыт-бағд...
Әлемдік көркем сөздің ең биік шыңы – роман десек, осы жанр төңірегенде қазір көптеген ой-пікір...
Үйде отырған бәйбіше ұршықсыз болмас,Түзде жүрген ер жігіт кіршіксіз болмас!Халық сөзі....Қайт...
Келді. Жолықтық. Амандастық. Болды. Ары қарай үнсіздік. Ол да, мен де... Әлден уақытта барып, басын...
Осы әлеуметтік желіде соңғы күндері екіге жарылған пікіралысу жиілеп кетті. Ол не? Ол –атақты...
Жағымды жаңалық! Қымбат хабар! Қанатты қуаныш! Айтары жоқ, алақай-жақсылық! Көпке созылған, көп талқ...
Сонымен, елімізде «Жастар жылы» старт алды! Қолымызды кеудемізге қойып сөйлейікші, болаш...
Жолтай Әлмашұлы – елімізге белгілі, қаламы жүрдек қаламгер. Ғалымдығы да бір төбе. Жазушы &nda...
Жаңа жылдың алғашқы күнінде Сөз мырза былай деп төгіліп бергені. Айтты: « Жер бетіндегі қай ха...
Жазушы Жолтай Әлмашұлының осыдан алты-жеті жыл бұрынғы жанайқайын қайта жаңғыртып, оқырман назарына...
Аударма деген ең бір жауапты жұмыс екені баршаға мәлім. Ал соны жауапкершілікпен атқарып жатырмыз ба...
1. ОТЫРАРДЫҢ ЖУСАНЫ(тарихи-абстракциялы әңгіме)«...Оны Шығыстың ойшылдары мен оқымыстылары көз...
(Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқығанда)Екі өзекті бөлімге бөлінген...
Асылтас келер жылы жазда елу жасқа толатын еді. Енді сол мерейтойға асығыс әзірленуді бастады. Осы ж...
Үш достың мінезіОлар түйдей құрдас. Бір жылы оқу орнына түсіп, ә дегеннен табысып, жұбы жазылмас дос...