Жолтай Жұмат-Әлмашұлы
ЖАЗУШЫАқиқат қашанда ащы, оны айта білу одан да ауыр. Соны біле тұра, көлгірсіп, өтірік мақтау айтуға әуестік ше? Шын сөз сұлу емес, ал сұлу сөз ақиқат емес.
ТолығырақЖолтай Жұмат Әлмашұлы (1957 ж. туған) – Қазақ Республикасының Қызылорда облысы, Жанақорған ауданында дүниеге келген. Әбу-Насыр Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің түлегі.
Жиырмаға тарта прозалық және драматургиялық шығармалардың авторы.
«Ұмытылған ұрпақ» (1992), «Найзашың» (1996), «Сұлуды сүю» (1999), «Оянған ұрпақ» (2002), «Пенде мен періште» (2004), «Күлкі мен көз жасы» (2007), «Тірі жан» (2008) «Тар дүние» (2011), «Жеті жебе» (2012), «Ел мен Елес» (2014) т.б. секілді прозалық және драмалық шығармалар жинақтары жарық көрді.
Оның пьесалары Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы драмтеатрда («Бәйтерек басындағы кездесу»), Қызылорда («Сүю серті»), Түркістан («Абақты - ғұмыр»), Жетісай («Ай астындағы алтын шаһар»), Қостанай («Мұңмен алысқан адам»), Қарағанды («Сәкеннің соңғы сапары») т.б. драмалық театрларында үздіксіз сахналануда. «Мұңмен алысқан адам» драмасы ағылшын тіліне аударылып, эксперименттік «Шаңырақ» жастар театры ұжымының күшімен Астанада сахналанды. «Тәуелсіздік толғауы» атты драмалық шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде 3 - дүркін жүлдегер атанды.
Ол сонымен бірге тарихи тақырыптарға да барып, әлденеше тарихи публицистикалық һәм эсселер кітабын жазған. «Сұлтанбек Қожанов» (1994), «Нәзір Төреқұлов» (1996), «Қызыр қонған Түркістан» (1998), «Әуезовтың жұмбақ әлемі» (2005), т.б. тарихи - зерттеу кітаптары басылып шықты.
Көркем дүниелері орыс тіліне де аударылып, «Зов свободы» (2001), «Терзания души» (2007), «Вечная элегия» (2014) деген атпен жеке – жеке жинақ болып басылған. Бірнеше әңгімесі Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан шыққан «Қазақ прозасының антологиясы» басылымында жарияланды. Жекелеген әңгімелері ағылшын, өзбек, әзірбайжан, қырғыз, қарақалпақ, т.б. тілдерге аударылып, жарық көрген.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының кандидаты, Қазақстан жазушылар одағының пленум мүшесі, бірқатар әдеби сыйлықтардың лауреаты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде Үкіметтік ресми басылымдардың Бас редакторы қызметін атқарады.
“...Ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ...”Абыз Ахмет Иассауи...
Үміттеніп жүресің! Үмітіңді үзгің келмейді-ақ! Әй, әлі де болса ойланар, ес жинап, ортақ іске жұмыла...
Ең әуелі – пендеміз! Пендеге тән қандай да бір кемшілік біздің де басымызда бар екені рас &nda...
Жалған дүние-ай! Ол тірі болса, енді алпыс үш жасқа толып, соны атап өтудің қамымен сапырылысып жүре...
Білмеймін, жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің туындыларын сүйсіне оқитындар, асылы, қазақ арасында аз...
Бүгінгі қазақ оқырманына Әбіш Кекілбайұлының есімін айта қалсаңыз, сөз жоқ, кеңінен толғаған кесек-к...
Сан-салалы ғылымдардың ішінде философияның орны да, маңызы да ерекше екенін ертелі-кеш ғұлама ғалымд...
Елімізде кең етек жайған «Рухани жаңғыру»бастамасы – өткеніміз бен кеткенімізді, ж...
Әлемдік деңгейдегі ғалым-энциклопедист, ойшыл, философ Әбунасыр әл-Фараби туралы келелі әңгіме қозға...
Ғұлама туралы қысқа қайырма2020 жылы әлемдік деңгейдегі ұлы тұлға, біздің бабамыз – Әбунасыр ә...
Биылғы жылы бастау алып, жүрек жылыта түскен жағымды жаңалықтардың бірі – ұлы Абай тойын тойла...
Сөз мырза маған бүйірден сауал қойды. Айтты: « Сен және сенің таланты тас жарар қаламдас әріпт...
Сөз мырза менімен қалжыңдасқысы келді ме, ананы-мынаны айтып, маңызсыз бірнеңелерді қайта-қайта қопс...
Ол кісі жайынан аз айтылды ма, көп айтылды ма? Аз жазылды ма, көп жазылды ма? Шамасы, өткен ғасырдың...
Бәріміз де қолға қалам ұстап, атымыз дардай жазушы атанып, шалқақтап жүретініміз ып-рас! Өз жазғаным...
Бұл – «Мәдениет» порталына жарияланған шағын ғана әңгіме! Аты –«Екі-үш...
Шығарма жазылғалы он жыл ішінде еліміздің талай жерлерін аралады, тіпті ағылшын тілінде де сөйлеп үл...
Алдияр оқырманым, имандай шыным, осы уақытқа дейін азды-көпті біршама драмалық туындылар жазған екен...
Бұл жазбаны жазар ма ем, жазбас па ем – бір қаламгер інімнің осы ФБ-дағы шағын толғанысы себеп...
Сөз мырза бүгін әңгіменің сорақысын шығарды – маңдайдан ұрғандай етіп былай деген: « Кеш...