
Әлия Бөпежанова
СЫНШЫӘдебиет және театр сыншысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» және Ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының лауреаты
ТолығырақБӨПЕЖАНОВА Әлия Қахарманқызы – әдебиет және театр сыншысы, мәдени сарапшы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» және Ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының лауреаты, ҚР Журналистер Академиясының академигi.
Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Саудакентінде 04.12.1952 жылы дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтын (1972), Әл-Фараби атындағы ҚазМУ аспирантурасын (1978) бітірді.
Еңбек жолын туған жері Сарысу ауданында бастап, Жайлаукөл орта мектебінде қазақ және орыс тілдерінен сабақ берді. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ге аспирантураға түскен соң Алматыға оралып, оқи жүріп республикалық «Қайнар», «Жалын» баспаларында (1975-1980) еңбек етті. Әдеби ортаға сыншы ретінде таныла бастағанда «Қазақ әдебиеті» газетіне қызметке шақырылып, сын бөлімінде тілші (1980-1985), өнер бөлімінің меңгерушісі (1985-2001), «Алтын орда» апталығы Алматы бөлімінің жетекшісі» (2001-2003) және «Хабар» телеарнасында сарапшы (2001-2013) болып қызмет етті. Қазақ мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі (1993-1998 және 2008 жылдан бері).
Әдебиет, театр, кино, рухани мәдениет туралы «Өрнектер» (1991), «Дүние – имани құбылыс» (2001), «Өнер – жеке тәжірибе» (2007), «Мәдениет – жасампаз сана» (2008), «Атырау драма театры» (2015), «Мұнара», «Сахна сәулесі» (2020) кітаптарының; көрнекті жазушы-драматург А.Сүлейменов шығармашылығынан он кітап жобасының (1996-2018), көрнекті актерлер Ф.Шәріпова (2006), Ә.Молдабеков (2008), Е.Жайсаңбаев (2011), Х.Елебекова (2012), сондай-ақ Т.Тасыбекова (2013), көрнекті режиссерлер Е.Обаев (2011), С.Нарымбетов (2008, 2016) және «Қазақ мәдениетінің 100 тұлғасы» (2018-қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) кітап жобаларының; бірнеше деректі фильм сценарийінің авторы. Мақалалары шетел басылымдарында жарық көрген.
«Хабар» телеарнасында тікелей эфир жүргізді, сондай-ақ бірнеше көркем және «Би-Би-Си» арнасының деректі фильмдерін аударды.
А.Кимнің әңгімелерін, И.Ракшаның «Қайран, дүние» повестер жинағын (1985), А.Лауринчюкастың «Соңғы аманат» (1987), Р.Солнцевтiң «Мұнар да мұнар, мұнар күн...» (1989) драмаларын; Е.Замятиннiң «Едiл қаған» («Аттила», 1996) трагедиясын, В.Смеховтың «Мың бiр түн» желiсiмен жазылған «Әлi баба және қырық қарақшы» (1998) мюзиклының либреттосын, А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» (2013), Шекспирдің «Отелло» (сахналық нұсқа-2014), Г.Томскийдің «Аттила мен Аэций» (2019) (соңғы бес туынды М.Әуезов атындағы академиялық театр сахнасында қойылды); сондай-ақ И.Какабадзенің «Үш ару» (2014), Т.МакНеллидің «Мария Каллас. Шеберлік дәрісі», И.Лаузундтың «Кеңсе» («Табанының бүрі жоқ...»-2017), А.Аширидің «Жалғыз жалбыз» (2019, т.б. пьесаларды;
«Мәдени мұра» Мемлекеттiк бағдарламасымен Леви-Стросс, Д.Бидни, Ральф, Малиновскийлердің философиялық еңбектерін (2005), «Жүз оқулық» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ю.Боревтің «Эстетика» (2019) кітабын аударды және Д.С.Шульцтердің «Қазіргі психология тарихы» (2017), Э.Гомбрихтің «Өнер тарихы» (2018) ғылыми еңбектерінің жауапты редакторы болды.
Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясында «Қазiргi өнер сыны» авторлық бағдарламасын (2003-2010), сондай-ақ арнаулы курстар (2010-2015) оқыды.
Республикалық әдебиет, өнер байқауларының сарапшысы.
Республикалық театр фестивальдары Қазылар алқасының мүшесі;
Халықаралық, республикалық семинарларда шеберлік сабақтарын өткізген.
Бірнеше журналдың редколлегия мүшесі.
Қоғамдық қорлар сыйлықтарымен марапатталған.
Қазақстан Үкiметi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы ҚР Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия мүшесi (1996-2004),
«Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасының «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасының Әдебиет бойынша сарапшылар құрамының мүшесі (2018-ден бері).
ҚР Президентiнiң Құрмет грамотасы (1995),
«Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы» (2011),
«Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» (2016) медальдары.
Қазақстан Журналистер Академиясының академигi (2001),
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003),
Ұлттық «Сахнагер» сыйлығының лауреаты (2018),
ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2012).

Шымкентте кәсіби театрлар фестивалі қайта жаңғырды Көптен күткен көктемде Түркі жұрты үшін орны б...

қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ туралы бірер сөзҚандай да актер туралы ал...

Белгілі кинорежиссер, сценаршы, аудармашы Айхан Рақымбайқызы Чатаева есімі қалың көрерменге 90-жылда...

Жасампаз қоғам – Президент ұсынатын жасампаз реформалар мен нақты іс-шаралардың ойдағыдай жүзе...

Бүгін журналист, аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы Әлия Бөпежанова ханымның туған күні. "Мәд...

Белгілі сахнагер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театр актрисасы...

Жасампаз шығармашылық иесі, режиссер, театр қайраткері, профессор Есмұхан Обаевты 80 жылды...

Хас сыншы, көрнекті мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Зейнолла СЕРІКҚАЛИҰЛЫН еске алғандаӨн...

Көрнекті абайтанушы, өнертанушы, санаткер Төкен Ибрагимов туралы бірер сөз &...

Көрнекті жазушы Мархабат Байғұт шығармашылығы туралы бірер сөзӘр жазушының өзіне қола...

Жуырда белгілі сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанованың «Мұнара»...

(Дидар Амантай. «Кө...

(БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы», «...

Мадина ОмароваМадина Омарова әдебиетке тәуелсіздік кезеңінде аяқ басқан жазушы. Рухани кеңісті...

Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы,мемлекеттік сыйлықтың иегері Әкім Үртайұлы 85 жасқа толып отыр. Осы...

Еліміз үшін биылғы елеулі мерейтойлардың бірі – Астана қаласының 20 жылдығы. Осы айтулы м...