Досжанов Бауыржан. Ошақбасы қорғаушысы

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
3225

Досжанов Бауыржан Тәттібекұлы – тоқыма суретшісі. Тоқыма суреті (гобелен) — қолдан тоқыған кілем-сурет. Түрлі түсті жібек және жүн жіптерден бөлек бөлек тоқылып, кейін біріктіріледі. Тар мағынада — 1662 ж. құрылған Париж мануфактурасының өнімі; бояушы Гобелендер есімімен аталған. 

Гобелендер есімімен аталған мануфактура өнімдерінің жалпылама атауы. Кейін дербес суретшілік өнер түріне айналған Гобеленің бөліктері түрлі түске боялған жібек не жүн жіптерден тоқылып, бір-бірімен тігіліп біріктіріледі. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойына, Кавказға кең тараған. Қазақстан бейнелеу өнерінде Гобелен тоқу 20 ғ-дың 70-жылдарынан бастап өркендеді (Толық мәлімет мақала соңында берілген).

Суретші Досжанов Бауыржанның туындылары, өзінің көркемдік тәжірибесінде көне ғасырлар қойнауына енген дала тұрғындарының тұрмыстық, ежелгі «Сақ стилі» және Түркі мәдениетінен туындаған бейнелерімен байланысты шығармаларды ұсынады. Ол ежелгі көшпелілердің динамикалық өмірі біздің мәдениетіміздің түп-тамыры ретінде көрсетеді. 

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған тарихы, мәдениеті, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы баға жетпес асыл мұра. Бұл рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту, ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау, оларды дәріптеу келер ұрпақтың үлесінде. Сондықтан да тоқыма суретшісі Досжанов Бауыржан Сақ, Түркі Қазақ мәдениетінен суындана келе, көне мәдениетіміз ұмыт қалмау мақсатында, өз ой жүйегіне өткізе отырып заманауи үлгідегі мәселелерді қозғайды. 

«Мәдениет порталы» ерекше өнер иесі Досжанов Бауыржанның шығармаларын назарларыңызға ұсынады. Мархабат!

Гобелен, "Ошақбасы қорғаушысы", жүн, акрил, жібек/ қолмен тоқылған. 150-230 см. 2011 жыл

Гобелен, "Сардарлар", жүн, акрил, жібек/ қолмен тоқылған. 130-130 см. 2014 жыл

Гобелен, "Жел батыр", жүн, акрил, жібек/ қолмен тоқылған. 125-125 см. 2013 жыл 

Гобелен, "Уақыт пайымдаушысы", жүн, акрил, жібек/ қолмен тоқылған. 100-105 см. 2012 жыл

Гобелен, "Ашын", жүн, акрил, жібек/ қолмен тоқылған. 110-100 см.
2013 жыл

Гобелен, "Жекпе-жек", жүн, акрил, жібек/ қолмен тоқылған. 85-160 см. 2011 жыл

Қосымша ақпарат

Тоқыма кілемдердің түпкі тарихы неше мыңдаған жылдарға бойлайды және олар түкті түксіз болып екіге бөлінеді. Түкті кілемдер есептеп тоқу арқылы, сюжеттік бейнелер, гүлдер мен өсімдіктер және оның сәндік формалары, ою-өрнектер бейнеленсе. Тықыр кілемдердер яғни Алаша кілемдері жолақтар, ою-өрнек ленталық орналасуы және түрлі-түсті жолақтармен тоқылады. Адамдар сонау ежелгі заманнан-ақ баспаналарын әдемі кілемдермен сәндеген. Кілемдердің негізгі міндеті интерьердің жерге төсеніш қызыметін атқарған, кей кезде интерьердің қабырғасынан да байқауға болады. Қарапайым, қолдан тоқылған, біртұтас материалдардың нығыз тіліктері тек сәндік мақсатта ғана емес, үй иелерінің бақуаттылығын көрсететін, ал, ең бастысы интерьерде суықтан сенімді түрде қорғайтын жылу қызметін атқарады.

Кілем тоқу техникасымен жасалып, тұңғыш тоқылған кілемдер біздің ғасырымыздың XI- XVI ғасырларда пайда болды. Олардың бейнелері Жаңа дәуірінің Патшасы IV Тутомостың қабірінде табылған. Ал, Бени-Хассанда табылған фреска (б.д.д. Х ғасыр) тарихтағы ең көне кілем тоқу үрдісінің сырлы бейнесін жасырады.

Сақталып қалған түкті кілемдердің ең ежелгісі б.д.д. V ғасырдың еншісінде. Археологиялық қазба барысында оны Пазырық қорғанынан тапқан.

Көшпенді халық мәдениетінде кілемдер айрықша орын алып, жеңіл үйлерің интерьерінде, киіз үйлерде тұратын тайпалардың арасында кеңінен тарала бастады. Көшпенді Халық арасында кілем тоқу өнерінің пайда болуы олардың күрт континенталды ауа-райлы тұрмыс-тіршілігіне бейімделгені түсінікті. 

Тіршілік иелерінің бейнесін түсіруге тыйым салатын Ислам діні өзінің қатаң, тақуалық ережелерін таңды: кілемдерден құстар, түйелер, жылқылар жан жануарлар бейнесі жоғалды. Ислам шығыс әлемінің басым дініне айналды. Ал, кілемдердің ою-өрнектері реміздер мен абстракция тілімен сөйлей бастады. Осылайша, қазақтың кілемі білгір адамға-әлемнің жаратылысы туралы сыр шертетін кітап сынды және кілемнің түсі де көп нәрсені айтқысы келеді.

Кілемдер интеьерді безендіретін бұйым ретінде ғана емес, сирек және қымбат мүлік ретінде алым-салық төлемінің бір түрі іспетті болды. Кез келген баспананың интерьерін жылытуға арналған кілемнің жайлылығы, қолайлылығы бүгінде жоғары бағаланады.

Шпалер өнері - әлемдегі өнер атаулының ішіндегі ең көнесі. Тоқымашылық өнері жазбаша ілімнен анағұрлым бұрынырақ пайда болуы себепті, біз ол алғаш пайда болған аумақты немесе елді нақты атай алмаймыз. Сондай-ақ, тоқымашылық өнерінің туындауын және оның бастапқы даму жағдайларын да жеткілікті білмейміз. Кейбір ғалымдар тоқыма өнерінің прототипі ағаштың тал шыбықтарын өруден пайда болған деп санайды. 

Көне тегіс көріністік кілем тоқу өнерін анықтауға арналған анағұрлым жалпы ұғым итальяндық «шпалер» деген сөзден шыққан тірі гүлдерге арналған торды білдіреді. Барлық кейінгі атаулар кілемдердің пайда болған жеріне, сюжетіне, мақсаттына немесе басқа себептерден пайда болуына байланысты қойылған.

Классикалық батыс еуропалық шпалері - бұл ою-өрнекті немесе әдетте қайталанбайтын көріністік бейнелер түсірілген түксіз кілем.

Көркем тоқыма өнері, Батыс Еуропаға мавритандық Испания арқылы Шығыс Мұсылман елдерінен келді. XI-XII ғасырларда айқыш крест жорықшылары (крестоносцы) Қасиетті Жерден олжалы болып қайтты. Әрине, онда оларда Шығыстың асыл тасты бұйымдары, кілемдері мен сусылдаған түрлі маталары көздің жауын алатын жауһарларын алып келді. Батыс Еуропалық шпалер өнерінің тарихы да осы кезден басталады.

Тоқыма суреттеріне деген қызығушылық, күннен күнге күшейіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін XVI ғасырдың ортасынан бастап шпалер мануфактуралары пайда бола бастады. Парижде, Бове және Обюссондағы үш бірдей ірі тоқымашылық орталықтары бар Франция шпалер өнерінің әлемдік жүрегіне айналды десе де болады. Сарайлардың интерьерлерінің бір стилде болуына байланысты шпалерлермен қоса жиһаздардың кейбір элементтерін шпалерден тоқып шықты. Сонымен қатар шеберханаларда тоқымашылардан басқа, өнімнің жоғары сапасымен қамти алатын, көптеген мамандықтардың қолөнершілері жұмыс істеді: шпалерден бөлек мұнда жиһаз-мүлік өндіріп, әртүрлі қаптау маталарын және фурнитуралар әзірленді. Парижде корольдің мануфактурасымен қатар ағайынды Гобелендер мануфактурасы құрылды. Мұнда негізінен шпалерлерге арналған жіптер боялатын. 

Ағайындылар қайтыс болғаннан кейін мануфактура олардың есімдерімен аталатын болды. Онда шпалерлер тоқыла бастады. Бұл мануфактураны Шарль Лебрен (1619 - 1690 ж.ж.) басқарды. Кескіндеме Академиясының Президенті ретінде ол «корольдің бірінші кескіндемешісі» еді [66]. Лебрен Францияның гобелен өнерінің дамуында орасан-зор еңбек етті. Ол барокко дәуірінің көптеген тамаша гобелендер сериясының эскиздерін салды. 1662 жылы бұл мануфактура корольдің қазынасына айналып, ал онда тоқылған кілемдер гобелендер деп атала бастады. Гобелен атауы біздің уақытымызға осылай жетті, ал, дұрысырақ шпалер тоқу өнерді деп атауға да болады. 

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...