Қала күніне арнап сурет салу үшін әлемнің 7 елінен қылқалам шеберлері келді

Жаңалықтар
10361

Бүгінде елордада еліміздің бас қаласының 20 жылдығына арналған жылсайынғы «Астана» халықаралық арт-форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Екі апта бойы түрлі мемлекеттерден жиналған 15 мықты суретші қазақ мәдениетімен, жас елордамызбен танысып, өз әсерлерін қылқаламмен жеткізетін болады. Олар өз еңбектерін Астанаға тарту етеді.

Форумға 7 мемлекеттің суретшілері қатысады: Польша, Ресей, Украина, Қырғызстан, Қазақстан, Словакия және Сербия.

Аталмыш ауқымды шараны өткізу бастамасын КСРО, Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі, MondialArt  француз мүшесі, халықаралық Арт-форумдардың лауреаты, «Елорданың үздік суретшісі» аталымында беделді «Керемет» сыйлығының лауреаты, 150-ден астам, оның ішінде 25 жеке көрмеге қатысқан Елена Ралина көтерген болатын.

– Суретшілердің өзіндік мәнері бар, бәрі де кескіндемеші. Олардың әрқайсысы елордаға осында салынған 2 картинадан тарту етеді. Форум соңында қорытынды көрме өткізіледі. Ол 28 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылады. Баршаңызды сурешілердің шеберлігін тамашалауға шақырамыз. Креативті, көңілді, жақсы суреттер салу үшін қолымыздан келгенін жасадық. Суретшілерге қаланы көрсеттік, оларды ерекше сәулетімізбен, табиғатымызбен таныстырдық, Бурабайға апардық. Бәрінің де көңіл-күйі жақсы. Олар Астананың сондай сұлу болады деп ойламаған. Суретшілердің 90% мұнда алғаш рет келіп отыр, сондықтан олар қазақтың мейірімділігіне, ұлттық тағамдарға, адамдарға тәнті болды, – дейді Елена Ралина.

Форум қатысушылары екі апта бойы «Арлан» қонақ үйінде еңбектенеді. Сонымен қатар, мұнда «Ralinart» студиясында оқитын балаларға арнап шеберлік сыныптарын өткізді.

– Алдымен суретшілердің жұмыстарымен таныстық, олар бізге өздерінің техникалары, немен және қалай жұмыс істейтіндері туралы айтып берді, – дейді шеберлік сыныбына қатысқан Регина. – Содан кейін әр бала өзіне ұнаған суретшіні таңдап алып, онымен сурет салды, одан сабақ алды. Мысалы, бізге поляк суретшісі Ришард Дудектің еңбектері ұнады.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, арт-форумның қорытындысы бойынша каталог жасалды, онда тек суретшілердің туындылары ғана емес, сондай-ақ олардың Қазақстан және Астана туралы ойлары да ұсынылған. Марина Золотарева Арт-форумға Мәскеуден келген. Суретші еліміздің тарихымен танысып, өз картиналарын тәңіршілдік тақырыбында салуды шешкен.

– Біздің міндетіміз Қазақстан мен оның тарихын картина арқылы жеткізу. Мен тәңіршілдік тақырыбын таңдадым, өйткені мен көнелікті ұнатамын. Мысалы, картиналардың бірінде мен ер мен әйел сый әкелген Ұмай ананың мүсінін салдым. Мен символдарға көп көңіл бөлдім. Астана маған қатты ұнады. Мұнда бірінші рет келіп тұрмын. Қаланың сәулеті керемет, ерекше, энергиясы да жақсы. Бұдан басқа, балаларға арнап шеберлік сыныптарын өткіземіз, өзіміздің де баладан сұрайтынымыз бар болып шықты, сондықтан кімнің кімді үйрететінін білмеймін, – дейді Марина.


Бүгінсағат 17:00-де өтетін қорытынды көрмеде арт-форумға қатысушылар салтанатты шара барысында өз еңбектерін қалалық Мәдениет және спорт басқармасына тарту етеді. Форум 30 маусымға дейін жалғасады.



http://astana.gov.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...