Биыл магистратура бойынша 10 мыңнан астам үміткер грант иегерлері атанды

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
611

Бұл туралы онлайн брифинг кезінде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.

Биыл кешенді тестілеу 17 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтті. Оны алғаш рет электрондық, компьютерлік форматта өткіздік. Кешенді тестілеу барысында алынған балдар негізінде конкурс өткізілді. Кешенді тестілеуге өтініш білдірушілер саны – 38 199 адам болды. Олардың қатысқаны 34 746 талапкер. Осы талапкерлер арасынан 13 051 үміткер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Демек, олар 75 және одан да көп балды жинады. 5 қыркүйекке дейін конкурсқа өтініштерді қабылдау жүргізілді. Гранттарды тағайындау конкурсына 12 179 адам өтініш білдірді. Конкурс 2 күннің ішінде жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша комиссияның шешімі негізінде 10 202 грант иегерлері атанды. Оның ішінде 128 үміткер бейімді магистратура гранты негізінде білім алуға ие болды, - деді Әділет Тойбаев.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...