"Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады?" Бұл жайлы депутат, бұрынғы министр Асхат Аймағамбе...
Қостанай облысында колледжден өрт шығып, бір адам көз жұмды
Фото: polese.by
Қостанай облысында ауылдық колледждің зертханалық корпусында шыққан өрт салдарынан 1968 жылы туған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 ақпанда 112 қызметіне Федоров ауданына қарасты Жарколь ауылындағы колледж аумағында түтін байқалғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері жіберіліп, екі қабатты зертханалық корпус ғимаратының бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде өрт шыққаны анықталды.
Құтқару жұмыстары кезінде 1968 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылып, таза ауаға шығарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Алайда дәрігерлердің қолға алған барлық реанимациялық шараларына қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Өрт толықтай сөндірілді. Құзырлы органдар өрттің шығу себептерін анықтау үшін өрт-техникалық зерттеу жүргізіп жатыр.