Биылғы оқу жылындағы демалыс күндерінің кестесі жарияланды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
733

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы сабақ пен каникул мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Күзгі демалыс 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады. Оқушылар бұл кезеңде 7 күн демалады.

Екінші тоқсан да 8 оқу аптасына жоспарланған. Қысқы каникул 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін созылып, 14 күнді құрайды.

Ал бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған. Олар 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында тағы 7 күн демалады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...