Жаңа оқу жылында мектептерде жаңа пән пайда болмақ

Фото: Gov.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
292

Қазақстан мектептерінде жол қозғалысы ережелері жеке пән ретінде қарастырылады. Мұны оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Министрдің айтуынша, 2026-2027 оқу жылында "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән енгізіледі.

Бұл пән жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды. Пән оқу бағдарламасына енгізіледі. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары болады. Балаларды оқытуда шешілуі қажет барлық өзекті мәселе ескерілді, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы мен "Өркен" орталығы әзірлеген. Бұл пәнді мұғалімдер мен психологтар оқытады және 5-9 сыныптарда енгізіледі.

PESTEL

British Airways әуе компаниясы Үндістанның Хайдарабад қаласынан Лондонға бағыт алған BA276 рейсінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бурабайда найзағайдың кесірінен екі өрт шықты. Өрт сөндірушілер Ақылбай орман шаруашылығындағы өртте...