Президент Маңғыстау өңірінде білім сапасы төмен екенін айтты

Фото: aqorda

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
278

Президент Маңғыстау өңірінде білім сапасы төмен екенін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Білім сапасына қатысты түйткілдер бар. Былтыр мектептегі білім деңгейін бағалау үшін облыста арнайы тест өткізілді. Оған қатысқан балалардың 37%-ның білімі төмен екені анықталды.
Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері де мәз емес. 1500-ге жуық бала, яғни, 20% оқуға түсуге қажетті ең төменгі балдың өзін жинай алмаған. Бұл – еліміздегі ең нашар көрсеткіштің бірі.
Ауыл және қала мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығы – өзекті мәселенің бірі. Тіпті Ақтау мен Жаңаөзендегі мектептердің білім деңгейінде айырмашылық бар», - деді. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі орын тапшылығы азаймақ түгелі, көбейіп бара жатқанын жеткізді. 

«Қазір 14 мыңға жуық орын жетіспейді. Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. «Самұрық-Қазына» қоры облыс әкімдігімен бірлесіп, жайлы мектептердің құрылысын тездетуі қажет. Бұған қоса сапалы стандартты мектеп салу жұмысын жалғастыру керек», - деді. 

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіге видео жүктеймін деп елдің сынына қалды, деп хабарлады  MADEN...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еріктілер ауыр жағдайда жатқан тыл ардагерінің өмірін өзгертуге атсалысты, деп хабарлады madeni...