Биылғы оқу жылынан бастап Біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама өскелең ұрпаққа адамзат...
Жоғары аудиторлық палата ғылым саласындағы кемшіліктерді анықтады
Фото: ЖИ
Палата төрағасы Әлихан Смайылов ғылым саласын қаржыландыру мен қоры арқылы бөлінетін гранттарды игеру барысында бірқатар жүйелі проблема барын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Аудит қорытындысы бойынша, 2022-2025 жылдары ғылымға бөлінген қаржы 122 млрд теңгеден 262 млрд-қа дейін өскен, алайда ғылымның дамуында оң серпін байқалмай отыр.
2025-2027 жылдарға арналған 7 басымдық пен 153 арнайы бағдар бекітілген. Алайда мұндай тізбе басымдық идеясын бұрмалауға жол берген.
"16 млрд теңгені құрайтын 176 жоба бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының мониторингі жобалардағы кемшіліктерді анықтағанымен, тиісті шешімдер қабылдауға негізболмаған. 2025 жылы мониторинг 2 мыңнан астам ғылыми жоба мен коммерцияландыру жобасын қамтып, 3 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталған", – дейді ол.