Қазақстанның барлық мектебінде ата-аналарға педагогикалық қолдау сыныптары ашылды

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
2768

Биылғы оқу жылынан бастап Біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама өскелең ұрпаққа адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені күшейту мақсатында әзірленді, деп хабарлайды, madeniportal.kz.

«Қазіргі таңда балабақша, мектеп-колледждерде ата-аналармен жұмыс қарқынды жүргізілуде. Барлық мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды. Онда саналы түрде әр әке, әр ана, әр педагог осы қоғамда, жалпы, бала үшін не істей аламын, баланың қауіпсіздігіне қандай үлес қоса аламын деген үлкен мәселені сезіне алуы үшін бірқатар жүйелі жоспар іске асырылады. Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізгі үш құндылыққа негізделген. Бұл ар-ұят құндылығы, талап құндылығы және ұлттық мүдде», деді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін ең маңызды сәт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында той үстінде айтқан сөздері қоғамда қызу талқыға түскен 66 жастағы ер адам уақытш...