Қазақстанда стипендия 500 мың теңгеге дейін көбейеді

Pixabay

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
903

Қазақстанда 2028 жылы докторанттардың стипендиясы 500 мың теңге жетеді. Бұл туралы бүгін мәжіліс кулуарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайдыmadeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, үкімет жаңа оқу жылы басталған сайын бакалавр, магистратура және докторантурада білім алатын студенттердің шәкіртақысын көбейтіп отырады.

«Жыл сайын бакалавриаттағы шәкіртақыны 20 пайызға, магистратура мен докторантурада білім алатын студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көбейтіп отырамыз. Қазір докторантурадағы студенттердің шәкіртақысын 230 мың теңгеге жеткіздік. Мақсатымыз – 2028 жылға дейін олардың стипендиясын 500 мың теңгеге дейін өсіру», - деді министр.

Сөз соңында Саясат Нұрбек келесі оқу жылының басында шәкіртақы ол айтқандай тағы да көбейеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында көлік ағашқа соғылып, жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Оқыс оқ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова бүгінгі сот отырысына қатысты пікір білдірді, деп х...