Бас мүфти әлем чемпионы Ризабек Айтмұханмен кездесті

Сурет: ҚМДБ

ДІН
1540

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еркін күрестен қазақ балуандары арасында тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханмен кездесті, деп хабарлады madeniportal.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас мүфти 20 жастағы балуанды соңғы екі жылдағы жарқын жеңістерімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

«Күрес – асыл дінімізде ерекше құпталған, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті саналатын әрі қазақтың қанына сіңген спорт. Бозкілемде жауырыныңызды жерге тигізбей, әлемдік додаларда еліміздің даңқын асырып келесіз. Алла Тағала жетістігіңізді ұзағынан етіп, өзіңізді жарақат атаулыдан, тіл-көз, қауіп-қатерден сақтағай. Жеңісті жолыңызды жалғап, келесі Олимпиадада чемпион атануыңызды тілеймін», - деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, Ризабек Қанатұлы 2023 жылы еркін күрестен кересектер арасында әлем чемпионы атанды. Ал биыл 20 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлемдік турнирлерде тағы да өзінің теңдессіз екенін дәлелдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...