Бас имам «қымыз іштім» деп ақталған

Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды

Жаңалықтар
723

Қостанай қаласының бас имамы Бақытбек Тәжімбет сот қаулысында жазылғандай «алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндегені үшін» 15 тәулікке қамалды. Сонымен бірге сот оны 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Имамның мас күйде ұсталғаны жөнінде әуелі күні кеше әлеуметтік желіде ақпарат тарап кетті. Желі қолданушылары сот қаулысының скриншоттарын таратып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан түсінік беруді талап еткен. Басқарма әлі үнсіз. Еш түсініктеме берген жоқ.

Сот қаулысына сәйкес, Бақытбек Тәжімбет Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінің маңында масаң күйде Toyota Highlander көлігін айдап бара жатқанда ұсталған. Ол 23 шілдеден бері қамауда отыр. 

Сот барысында имам «қымыз іштім» деп ақталған. Бірақ медициналық куәландыруға апарған кезде ол «сыра іштім» деп жауап берген. Сот оның жазасын жеңілдететін мән-жайды таппай, жеті тәулікке қамауға алды.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...