Netflix пен Қазақстан түсірген ҚарЛАГ туралы фильмнің алғашқы трейлері шықты

Фото: видеодан скриншот

КИНО
1530
Netflix пен Қазақстан бірлесіп түсірген «La Tregua» («Татуласу») фильмінің трейлері жарыққа шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Картина еліміздің тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі – ҚарЛАГ тақырыбына арналған. Фильмге қазақстандық актерлер мен мамандар да қатысып, тарихи оқиғаларды шынайы жеткізуге атсалысқан.
«La Tregua» 2025 жылдың күз-қыс айларында үлкен экранға шығады. Жақын күндері қазақ және орыс тілдерінде дубляж жасалатыны белгілі болды.
Фильмді әлемге әйгілі «Бумажный дом» сериалы арқылы танылған режиссер Мигель Анхель Вивас түсірген.
Басты рөлдерде:
• Мигель Херран,
• Арон Пайпер,
• Қазақстаннан – Дина Тасболатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Ақкөзов. 
 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...