Луврдағы ұрлық: Әлемге белгілі ұрлық туралы фильм түсіріледі

Фото: pixabay.com

КИНО
706

BILD мәлімдеуінше, Америкалық режиссер Луврда болған ең танымал ұрлық оқиғасы туралы триллерге ұқсас деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

The Hollywood Reporter газетінің мәліметінше, бұл деректі фильм ұрлыққа қатысты тергеуді және қылмыскерлерді іздестіру барысын нақты уақыт режимінде көрсетеді деп күтіледі. Сондай-ақ ұрланған әшекейлердің қайда кетуі мүмкін екендігі — қара нарықтан бастап Антверпендегі гауһар саудасына дейін — зерттелетін болады.

Жобаға америкалық режиссер Ар Джей Катлер мен француз деректі фильм жасаушысы Лоран Бузеро жетекшілік етеді. Олар қазірдің өзінде тру-крайм жанры мен триллердің қоспасы болатын фильмді түсіріп жатыр. Фильм полиция тергеушілерінің жұмысын көрсетуді мақсат етеді. Авторлардың айтуынша, фильмге оқиға куәгерлері, музей қызметкерлері мен қала тұрғындары да қатысады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында суға батып кеткен балықшыны іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазгидромет РМК болжамы бойынша, 11 маусым, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбы...