Өз қолымен жасаған пулеметпен атқан: Көшедегі шулаған жастарды тыныштандырмақ болған ер адам адам өлтірді

Фото: Шедеврум

PESTEL
2181

Мәскеу маңындағы Подольск қаласында, түнде шулаған жастарға ашуланып, өз қолымен жасаған пулеметпен көшеге шыққан ер адам әйелді атып тастады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы оқиға Теміржол көшесінде орын алған. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлайды.

Оқиға сәрсенбіге қараған түні болған. Ашынған 57 жастағы Василий Петровер есімді ер адам балалар алаңында шулап тұрған топқа қарумен келген. Алдымен ол ауаны көздеп оқ атқан, кейін жастар оның қаруын тартып алмақ болғанда, оқ кездейсоқ 36 жастағы Екатерина К. есімді әйелдің кеудесіне тиді. Әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында жан тапсырды.

Күдікті Василий Петров оқиға орнында ұсталып, оған  ҚК 105-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша айып тағылды. Қазір қылмыстық істі Мәскеу облысының тергеу комитеті қарап жатыр. Сондай-ақ іс прокуратура бақылауына алынған.

Оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде өмірден өткен досына арналған көңіл айту жазбасы жарияланды. Жазбаны Нұрсұлтан Оры...